Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет4/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
З.Ахметов, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, А.Қыраубаева, Р.Нұрғали, Қ.Өмірәлиев, 
А.Еспембетов сынды белгілі әдебиеттанушы ғалымдар шоғырын тәрбиелеген 
Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесін 
М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің өркендеуіне қосқан салмағымен салыстыруға бо-
лады. М.Әуезов қазақ көркем прозасын қандай биікке көтеріп кетсе, Б.Кенжебаев 
қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу саласын да сол деңгейге жеткізді. Бірі көркем, 
бірі ғылыми мектеп қалыптастырып, ұлттық деңгейде заңғар тұлғаларға айнал-
ды. Б.Кенжебаевтың жолын жалғаған, ісін дамытқан талантты шәкірттерінің 
бірі – Н.Келімбетов. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей, Н.Келімбетов 
өз зерттеулерінде ұстазы Б.Кенжебаевтың көзқарастарына адалдығын танытып, 
оның әдебиет тарихын тану концепциясына берік болды.
Осы орайда тарихқа шегініс жасап, Б.Кенжебаевтың ғалымдық және 
азаматтық тұлғасын танытатын нақты мысал келтірсек. Кеңестер Одағы 
коммунистік партиясының әйгілі ХХ съезінен кейін жеке басқа табынушылық 
сыналып, тарихты тануға, ондағы оқиғаларға таптық қана емес, әділ баға бе-
руге мүмкіндік туған өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңында қазақ 
әдебиеттанушылары арасында пікірталастар орын алғаны белгілі. Ол дау-да-
май, негізінен, қазақ әдебиеті тарихы қай заманнан басталады, әдеби мұраны 
қандай ұстаныммен бағалаймыз деген мәселелер төңірегінде болды. Әдебиеттің 
идеологиялық сипатына баса назар аударған Қ.Жұмалиев бастаған ғалымдар 
қазақ жазба әдебиетінің тарихын орыс халқымен әлеуметтік-экономикалық 
тығыз байланыс басталған ХVІІІ ғасырдан әрі тереңдетуге қарсы болды. Осы 
тұста Б.Кенжебаев батылдық танытып, жыраулар мұрасы, ортағасырлық түркі 
ескерткіштері, ежелгі түркілер заманындағы әдеби жәдігерліктер де қазақ жаз-
ба әдебиетінің тарихы болып есептеледі деген концепцияны дәлелдеуге бел 
байлады. Ақыры заман өзі ақиқатты айқындап, аяулы ғалым Б.Кенжебаевтың 
ұстанымы дұрыс болғандығын танытты.
Н.Келімбетов ұстазы аманат еткен күрделі тақырыпты терең зерттеп, таласы 
көп қиын сауалдардан қаймықпай, ашылған, дәлелденген рухани мұраларды алға 
тартып, қазақ әдебиетінің V ғасырдан ХV ғасырға дейінгі мың жылдық тарихын 
оқулыққа енгізіп, сол қымбат кітапты жоғары оқу орындарының студенттеріне 
ұсынды. 1986 жылы «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» деген атпен алғаш
баспа көрген бұл еңбек 1991 жылдан бастап «Ежелгі дәуір әдебиеті» деген 
оқулық болып, еліміздің филология мамандықтарында міндетті оқытылатын 
пәндердің біріне айналды. Осы жердің өзінде символдық мән жатқанын аңғаруға 
болады. Кітап оқырман қолына тиген 1986 жылы қазақ халқының рухани оянуын 
әйгілейтін Желтоқсан көтерілісі тарихта орын алса, еліміз 1991 жылы ғасырлар 
бойы аңсаған тәуелсіздігін жариялады. Н.Келімбетовтің өмірлік мұратын 
айқындайтын осы монографиясы мен оқулығы қазақ халқын ежелгі түркі 
бабаларының азат рухымен байланыстырып, одан сүйінші сұрағандай әсер етеді.
Биікте – Көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет