Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Ыбыраев Ш.Ы. Түркілік мұраның түгендеушісі



Pdf көрінісі
бет5/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Ыбыраев Ш.Ы. Түркілік мұраның түгендеушісі
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған.
Төрт Бұрыштың бәрі дұшпан екен.
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен, иелік еткен.
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген.
Н.Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулығына енген осы отты 
жолдарды оқып бой түзеген тәуелсіз мемлекеттің жас ұрпағы сол тәуелсіздіктің 
бағасы мен қадірін де мүлде басқаша түсінді. Отаршылдық езгіде үш ғасыр бойы 
күн кешкен, мың өліп, мың тірілген қазақ халқының шөгіп қалған ұлттық рухын, 
патриоттық сана-сезімін, елдік, азаматтық намысын оятатын бірден-бір күш ата-
баба өсиеті, отты поэзия тілімен жеткен аманаты екендігін кәміл түсінген Не-
мат Келімбетов өз оқулығы арқылы жаңадан шаңырақ көтерген тәуелсіз Қазақ 
мемлекетінің жас буынын тәрбиелеп жатты. Оқулықтың ішіндегі алуан түрлі 
жаңа есімдер, мол деректер жастарға танымдық материал болатыны өз алдына, 
ең бастысы – оның жолдарынан азаттық рухы айқын аңғарылды. Сондықтан біз 
қазір кешегі өткен тәуелсіз жиырма жылдың ішінде Қазақстан Республикасының 
тәуелсіздігін нығайтуға Н.Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулығы 
да өз дәрежесінде үлкен үлесін қосты деп батыл айта аламыз.
«Алмас қылыш қын түбінде жатпайды», дейді қазақ. Әуелгі алған мамандығы 
экономист, кейін журналист болса да, Немат Келімбетов қазақ халқының 
түп негізі саналатын арғы заманда жасаған даңқты Көк Түріктерінің көркем 
дүниесіне, Орта ғасырдағы әдеби мұраға деген қызығушылығын, сол бағыттағы 
ізденісін еш тоқтатқан жоқ. Ол шетелдік және отандық түрколог ғалымдардың 
зерттеулеріне сүйеніп, оларға жаңаша талдау жасап, ежелгі әдебиет тарихын 
іштей дәуірлеп, сол рухани қазынаны, талай жылғы қажырлы жұмысты студент 
ұғымына лайықтап оқулыққа енгізді. Бұл – шын мәнінде рухани тарихымызда 
ерлік ретінде жоғары баға лануға тиіс. Н.Келімбетов мойнына артылған тарихи 
жүкті абыроймен көтере білді. Ол жүк – халықтың рухын оятқан, өзінің көркем 
мұра тарихына жаңаша қарауға жағдай туғызған, ата-баба мирасымен көркемдік 
дәстүр жалғастығын жасаған «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулық еді.
Тәуелсіздік қазақ халқына аңсаған дербес мемлекетін ғана берген жоқ. Ол, 
ең алдымен, санада бұққан азат ойды, азат рухты, еркіндікті ашық айтуға, анық 
жазуға, сол арқылы қай салада болсын жаңа ізденістер жасауға мүмкіндік берді. 
Тәуелсіздік, әсіресе, ой-пікірлері бұғауда болған, айтатын сөзін, жазатын кітабын 
бере алмай келген гуманитарлық саладағы ғалымдарға мол мүмкіндік әкелді.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісінде жаңа ашылған мүмкіндіктерді 
алғашқылардың бірі болып пайдаланып, әрі үлкен жауапкершілікті мойнына 
алып, тағы да маңызды шаруаны Немат Келімбетов қолға алды. Бір кезде дау 
9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет