121
айналысады. Аталған сараптама классификациялық міндеттерді шешуге
бағытталған, оның ішінде көліктің дөңгелегімен немесе өзгеде жұлынған
детальдарымен қалдырылған із бойынша көліктің моделін, түрін анықтайды.
Диагностикалық
және
ситуациялық
міндеттер – соқтығысу жерінің
қозғалыс бағытын анықтау, соқтығысу бұрышын анықтау т.с.с. бұл міндеттер
сот көлік-трассологиялық сараптамасы бойынша дайындығы бар сарапшы-
автотехникпен жүргізіледі.
Идентификациялық міндет
– көліктің ізі, өзара контактілеу іздері,
бөлініп қалған детальдары бойынша көлікті теңдестіруге бағытталған.
Аталған зерттеулер криминалист-трассологтармен кейде криминалист-
материаловедтермен жүргізіледі.
Көлік дөңгелектерінің іздерін зерттеу кезінде келесі классификациялық
сұрақтар шешілуі мүмкін:
ұсынылған іздер көлік құралы дөңгелегімен қалдырылған ба ?
жеңіл немесе жүк құралымен із қалдырылды ма, көліктің моделі
(мотоцикл, велосипед т.с.с.) ?
шинаның моделі;
қай детальмен (бөлшек) із қалдырылды ? т.с.с.
Диагностикалық
міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
КҚ қай бағытта қозғалды ?
КҚ тоқтату немесе бұрылыс жасады ма ?
із қалдырған шинаның ақауы (дефект) бар ма ? (ақауы, дәрежесі)
іздердің пайда болу механизмі қандай ? (сырғу, соғу)
көлікте қалдырылған іздер басқа көлікпен соқтығысудан пайда
болған жоқ па ?
Ситуациялық
міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
жәбірленушінің денесіндегі зақымдар КҚ-ң қай бөлшектерімен
қалдырылды ?
соқтығыс болған кезде жәбірленушінің орналасқан жері (салон,
кузов т.с.с.);
Достарыңызбен бөлісу: