15.2. Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы Жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі – ЖКО) мән-жайларына қатысты
зерттелетін объектілер өз құрамына жолды, қиылысты, жазық өзге де
жерлерді қарастырады. Аталған объектілер ЖКО, ондағы қатысушылармен
(жүргізуші, жүргінші т.с.с.) міндетті түрде себепті байланыста болуы керек.
Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы ЖКО механизіміне
қатысты келесі түрлерге бөлінеді, олар:
көлік құралдарының (бұдан әрі – КҚ) қақтығысу жағдайын зерттеу;
жылжымайтын объектіні басуды зерттеу;
жүргіншіні, велосипедшіні қағып кетуді зерттеу;
КҚ аударылуын зерттеу;
жолаушының КҚ-нан ұшып кетуі және өзге де ЖКО.
Көлік құралдарының қақтығысу жағдайын зерттеу, жылжымайтын объектіні басуды зерттеу кезінде
диагностикалық және ситуациялық міндеттер шешіледі:
ЖКО басталуынан аяқталуына дейінгі процессті анықтау;
соғылғанға дейінгі КҚ қозалысы мен сипатының траекториясын
анықтау;
әр бір орын алған оқиға фазасының техникалық сипаттамасын анықтау;
КҚ нақты учаскіні өтуді және соқтығысу жерін анықтау;
оқиға болғанға дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау (тоқтау жолы іздері
бойынша немесе олардың болмауына қатысты);
соқтығысу кезінде КҚ бір-біріне орналасу жағдайын анықтау;
қозғалыс үшін қауіпті жағдайдың мерзімін анықтау;
жүргізушінің ЖКО болдырмаудың техникалық мүмкіндігін анықтау
т.с.с.
Жүргіншіні, велосипедшіні қағып кетуді зерттеу кезінде
диагностико-ситуациялық міндеттер:
жүргіншіні қағып кеткенге дейінгі КҚ траекториясын және
қозғалыс сипатын анықтау;
жүргішіні қағып кеткен жерді анықтау;
жүргішіні қағып кеткенге дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау
т.с.с.