124
-
кірпіштің қалауының бұзылуы туралы;
-
темірбетон құрылымдарының түсі мен құрылымының өзгеруі;
-
еден бетінің материалдарының күйі туралы;
-
жанудың белгілері бар қоршаған ортаның жеке үзінділерінің
сипаттамасы т.с.с.
Өрттің қайнар көзін сол сияқты жанып кеткен құрылымдарды,
плиталарды, өзге де бұйымдарды сараптамалық зерттеу арқылы анықтауға
болады.
Аталған объектілерді жеткілікті көлемдегі жерлерден алған жөн.
Өрт болған жердегі қоршаған ортаны оқиға болған жерді қарау туаралы
хаттамаларда, сызбаларда, суреттерде бекіту керек. Жоспар-сызбаларында
зерттеу үшін ұсынылған объектілердің алынған жерлері көрсетілуі тиіс.
16.2. Электр қондырғылардың өрттің пайда болуына қатысты
байланысын анықтау сараптамасы
Электр қондырғылар ретінде электр энергиясын өндіруге, өңдеуге,
тасымалдауға, беруге, бөлуге арналған машиналардың, аппараттардың,
жүйелер мен көмекші құрал-жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар
мен үй-жайларды қоса алғандағы) жиынтығын айтамыз.
Аталған сараптамаға келесі сұрақтар қойылады, олар:
электр қондырғылардың техникалық күйі мен өрттің пайда
болуының себепті байланысы бар ма ?
электр сымдардың балқуы неден пайда болды (өрттің
температурасы, тоқтың қысқа тұйықталуы) және өртке дейін
немесе кейін бе ?
өрт кезінде зерттеу үшін ұсынылған электр қорғаушылар
жарамды күйінде ме ?
аталған қорғаушылар қандай номиналды тоққа арналған ?
ұсынылған қорғаныштардың балқу қосымшасының (плавкие
вставки) бұзылу себебі қандай ? т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: