122
Заттай дәлелдемелерде (мысалы
жәбірленушінің киімінде КҚ
бояуларының іздері, ал көлікте жәбірленуші киімінің қалдығы қалдырылуы
мүмкін. Аталған жағдайда заттар мен материалдар және бұйымдарды зерттеу
саласындағы криминалист-мамандары қатысуы мүмкін.
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға жіберіледі:
көлік құралы мен оның детальдары.
Сарапшы онда қалдырылған
іздерді зерттей отырып іздердің пайда болу механизмін анықтай
алады;
КҚ детальдары (гайка, болттар,
жарық шамдарының қалдықтары
т.с.с.);
жәбірленушінің киімдері;
оқиға болған жерден алынып бекітілген іздердің көшірмелері;
жалпы көріністі бейнелейтін криминалисттермен түсірілген
панорамды фотосуреттері;
қылмыстық істің материалдары: ЖКО өзге де тергеу әрекеттердің
хаттамалары, өзге сараптамалардың қорытындылары.
Салыстырмалы үлгілер ретінде зерттеуге ұсынылады:
дөңгелектер немесе шинаның эксперименталды үлгілері;
шам шынылардың қалдықтары және
өзге де КҚ детальдары мен
бөлшектері;
КҚ немесе оның бояуы бар бөлшек т.с.с.
КҚ іздері бойынша жүргізілетін сараптама үшін ЖКО хаттамалары мен
сызбалары дұрыс және жан-жақты сипатталуы маңызды. Оқиға орнында
көлемді іздер табылса оларды масштабты суретке түсіріп,
олардың
көшірмелерін гипс немесе полимер арқылы жасау қажет.
Сол сияқты КҚ қандай күйде табылса сол күйінде сараптамаға
жіберілуі тиіс (мысалы, майысқан жерлері түзелмеу керек).
Егер КҚ
сараптамаға
дейін
жөнделген,
боялған
немесе
деталь-бөлшектері
ауыстырылған болса, ол туралы сарапшыға міндетті түрде хабарландырылуы
қажет. Өйткені тек аталған жағдайларды ескере отырып, сарапшы зерттеудің
тәртібін және алынған нәтижелерді дұрыс бағалай алады.
Достарыңызбен бөлісу: