құқығы бар. Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды)
хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер
бойынша
процеске
қатысушылармен
келіссөздер
жүргізуге;
2)зерттеу
үшін
материалдарды
дербес
жинауға;
3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы
рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың
сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін
зерттеулер жүргізуге
құқылы емес. Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның)
шақыруы
бойынша
келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті
зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген
жазбаша
қорытынды
беруге;
3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға,
қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама
жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты
мәселелер
бойынша
айғақтар
беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге
байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын
жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы
есепті табыс етуге
міндетті. Сарапшы жалған қорытынды бергені үшін ҚР ҚК 355 бабына сәйкес
қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған қатысты, сот сарпшысы
44
сараптама жүргізудің алдында жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылу туралы ескертілуі қажет.