80
Әсіресе, мәйіттердің қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық пленкаға
дұрыс түсірілуі үшін тергеуші маманның көмегіне жүгіне алады. Сол сияқты,
тірі адамның саусақтарының іздерін қайталап алуға мүмкін болса,
мәйіттердің іздерін қайталап алу мүмкін емес.
Адамның аяғының және аяқ киімдерінің іздері.
Адамның аяқ
киімінің мөлшерін, түрін, жалаң аяқ іздерінің мөлшері мен ерекшеліктері, сол
арқылы сол
ізді қалдырған адамның жынысын, жасын, жүрісін анықтайтын
идентификациялық емес міндеттерді шешеді.
Мұндай сұрақтарды
криминалист-маман оқиға болған жерді қарау кезінде шешеді. Оқиғаның
механизімін анықтау үшін сараптаманың
алдына келесідей сұрақтар
қойылады: ұсынылыған із аяқ киіммен қалдырылған ба, оқиға болған жерде
табылған
аяқ киімнің, аяқ іздерінің пайда болу механизмі қандай (ауыр
заттарды тасыған сәтте немесе сырғанау кезінде пайда болған іздер)?
Достарыңызбен бөлісу: