Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


 Жабылатын және сақтандырғыш құрал іздерінің сараптамасы



Pdf көрінісі
бет70/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

11.2. Жабылатын және сақтандырғыш құрал іздерінің сараптамасы 
Жабылатын сақтандырғыш құралдарына ойып орнатылатын, ілмек 
құлыптары, өзге де жабылғыш құралдар, оның ішінде арнайы магнитпен не 
чиппен ашылатын электронды жапқыш карточка-құралдары, пломбалар өзге 
де криминалистикалық техника бөлімінде көрсетілген құралдар жатады.
Жапқыш құралдарда немесе оқиға болған жердегі басқа да заттарда 
табылған іздер үш топқа жіктеледі: бұзуға бағытталған арнайы қалдырылған 
(отмычка, фомка т.с.с.), бөгеттерді бұзатын арнайы құралдар (ара, зілбалға) 
және кездесоқ заттар (тас, арматура сынығы т.б.). 
Диагоностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу үшін 
сараптаманың алдына келесідей сұрақтар қойылады: 

бөгет қандай тәсілмен және құралдың түрімен ашылды ? 

зерттеуге ұсынылған құлып таңдалған кілтпен не қайқы кілтпен 
(отмычка) ашылды ма ? 

бұзу қай жағынан жасалған (үйдің, бөлменің ішкі жағынан не 
сыртынан ба) және қылмыскер әрекеттерінің жасалу реті? 

құлыпты бұзған тұлғаның арнайы дағдылары бар ма ? 

іздердің пайда болу механизмі қандай ? 
Сараптамаға келесідей идентификациялық сұрақтар қойылады, олар: 

қару іздері қандай әрекеттердің нәтижесінде пайда болды ? 

іздердің пайда болуының жалпы механизмі қандай? 

оқиға болған жерде табылған іздер сезіктіден алынған құралмен 
қалдырылған ба? 

жабылғыш заттағы іздер бір немесе бірнеше құрал-саймандармен 
қалдырылды ма ? 
Сезіктіден 
алынған 
құралдарда 
бөтен 
бөлшектерден 
қалған 
қабаттасулар алынуы мүмкін: есікті қысқан кезде ломикте қалдырылған 
бояудың іздері, балтаның лезвиясында қалдырылған іздер т.с.с. Мұндай 
жағдайда сараптама кешенді түрде трассологтардың қатысуымен жүргізіледі. 
Кешенді сараптамалық зерттеу үшін трассологиялық белгілері жеткіліксіз 
болса да, теңдестіру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет