Адам тістерімен қалдырылған іздерге қатысты диагностикалық және идентификациялық міндеттерді шешу кезінде тіс іздерін
жәбірленушінің денесінде не азық-түліктерде (тістелген алмада) көруге
болады. Аталған іздерді зерттеу кезінде сарапшы келесідей сұрақтарды
шешеді:
із қалдырған адамның тіс аппарат құрылымының ерекшеліктері;
іздердің пайда болу механизмі қандай және жәбірленуші мен
қылмыскердің өзара қатынасы қандай?
жәбірленушінің денесінде қалдырылған тіс іздері сезіктінікі ма (оқиға
болған жерден алынған заттардағы тіс іздері)?
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Сараптама үшін қажетті материалдар:
1)
тіс іздері бар заттар (мысалы, пломба т.с.с.), егер зат үлкен болса оны
бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Егер тіс іздері азық-түліктерде
қалдырылса, оларды сараптамаға жеткізгенше сақтау қажет. Тіс іздері
мәйітте қалдырылса, ізді алған кезде криминалист мамандармен қатар
сот-медициналық қызметкерлер қатыстырылуы керек;
2)
масштабты тәртіппен алынған тіс іздерінің фотосуреттері, әр бір із
бойынша екі үш сурет жасаған жөн.
3)
қылмыстық істің материалдары – оқиға болған жерді қараудың
хаттамасы, мәйітті сот-медициналық зерттеулері, тірі адамды сот-
медициналық
куәландыру,
алғашқы
сот-медициналық
және
трассологиялық сараптамалардың қорытындылары.
Тіс іздерін сараптамаға салыстырмалы зерттеу үшін келесі үлгілер
беріледі:
1)
сезіктіге не жәбірленушіге тиісті тіс көшірмелерінің эксперименталды
үлгілері. Үлгі ретінде пластикалық материалдарда қалдырылған
(мысалы балауыз) тістеудің, тістеп алудың іздері алынады;
2)
сезіктінің не жәбірленушінің жағының (челюсть) гипстік өзге де
модельдері.
82
Үлгілерді алу кезінде маман ретінде – стоматолог дәрігері, тіс технигі,
криминалист қатысқан дұрысырақ.