83
3)
барлық іздердің және олардың орналасуын масштабты түрде суретке
түсіру, іздердің мөлшері,
олардың арасындағы қашықтығы, іздердің
еденмен қашықтығы т.с.с. ;
4)
сезіктіден алынған не оқиға болған жерден алынған құрал-саймандар;
5)
оқиға болған жерді қараудың хаттамасы,
заттай дәлелдемелерді алу
хаттамасы т.с.с.
6)
сарапшыға оқиға болған жермен танысуға көмек көрсететін өзге де
материалдар мен деректер.
Құрал-саймандарды және олармен қалдырылған іздерді алған соң
оларды мұқият қарап шығу керек. Олардың беткі
қабатында өзге де заттар
болса, оларды сақтау және сараптамаға жіберуге қатысты барлық шараларды
қамтамасыз ету қажет.
Оқиға болған жердегі іздерді және құрал-саймандарды алған кезде
оларды бір-бірімен қосып бууға болмайды, өйткені объектілердің бір-бірімен
өзара үйкелуінің нәтижесінде өзгерістер пайда болады.
Криминалист-маман сараптамаға жіберілетін материалдарды мұқият
жинап, олардың дұрыс сақталуына және сараптамаға
жіткізілуіне қатысты
бақылауды жүзеге асыруы қажет.
Құлыптардың және өзге де құлыптап жапқыш құралдарына қатысты
диагностикалық және ситуациялық
міндеттерді шешу және сараптаманың
алдына келесідей сұрақтарды қою:
ұсынылған құлыптың механизмі жарамды ма,
егер жарамсыз
болса оның себебі неде ?
есік бұзылғанда құлыптың күйі қандай болды ?
есіктің құлыбы қандай әдіспен ашылды ?
есіктің ашылуы онда қалдырылған зардаптың нәтижесінен пайда
болған ба ?
нақты осы бақылау құлпын оның қақпағының астындағы қағаз
қосымшасын бұзбай ашуға болады ма ?
құлыпта қалдырылған із бөтен кілттің немесе отмычканың
әсерінен пайда болған жоқ па ?
құлыптан немесе кілттен көшірме алынған жоқ па ?
Сараптамада келесі идентификациялық сұрақтар шешіледі:
әр түрлі жерден алынған құлып бірдей әдіспен ашылды ма,
есіктің құлпы сезіктіден алынған
кілтпен немесе отмычкамен
ашылған жоқ па,
құлыптағы іздер сезіктіден алынған құрал-саймандармен
қалдырылған жоқ па.
Достарыңызбен бөлісу: