Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет91/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Идентификациялық
міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады
олар: 

нақты жабайы сора (конопля) өсімдіктері бұрын бір экология-географиялық 
зонада өскен ба ? 

жабайы сора (конопля), көкнәр өсімдігі нақты мекен-жайда өсірілген ба ? 

нақты есірткі құралдары шикізаттық пайда болуына қатысты ортақ па ? 

әр түрлі тұлғалардан алынған есірткі құралдары (психотроп заттары) 
дайындалу технологиясына қатысты бірдей ма ? 

нақты есірткі құралдары (психотроп заттары) сақтау орнына қатысты бірдей 
ма ? 

әр түрлі тұлғалардан алынған есірткі құралдар (психотроп заттар) бұрын бір 
массаны құраған жоқ па ?
 
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Есірткі құралдарының құрамындағы көптеген заттар органикалық, 
сондықтан олар сақтау нәтижесінде біршама өзгерістерге ұшырайды. Осыған 
қатысты есірткі құралдарды дер кезінде сот сараптамасына жеткізу керек. 
Үлкен көлемде есірткі құралдары (өсімдік) алынса, сараптамаға 4-5 
үлгі ретінде жіберу қажет, әр біреуі 10-20 г. құрау керек. Үлгілер әр түрлі 
тереңдіктен және жерлерден алынады (әр бұрыштан және орталықтан).
Сусымалы нысандағы үлгілер әр бір орамадан 5-10 г.-нан квартование 
әдісін қолдану арқылы алынады. Сұйық нысандағы үлгілер алдын-ала 
араластырылып, ортақ үлгі ретінде 20-50 мл. жеке ыдысқа салынады.
Есірткі құралдарды дайындау әдісіне қатысты сұрақтарды шешу үшін 
табылған затпен бірге оны жасау үшін қолданылған құрал-саймандар 
сараптамаға жіберілуі керек (пресс-форма, елек т.с.с.).
Есірткі құралдарды қолдан дайындау мәселесін шешу кезінде құрал-
саймандарды, заттарды, құрал-жабдықтарды сол сияқты, ұсталған 
тұлғалардың өзге де заттарын сараптамаға жіберудің алдында оларда 
микробөлшектер бар жоғын анықтау қажет.
Құрамында есірткі құралы бар өсімдіктің өсу жерін анықтау сұрағын 
шешу барысында сарапшы алдына салыстыру үлгілерін ұсыну қажет. 


108 
Аталған үлгілер сезіктіден заттай дәлелдеме алған сәттен бастап ауданның 
учаскісінен алынады.
Есірткі құралдарын қолдан жасау дерегін анықтау барысында 
сарапшының алдына заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасын ұсыну керек. 
Бұл хаттамада есірткі құралдарының табылған жері, заттың агрегатты күйі, 
оның буып-түйілуі, түсі, иісі сипатталуы керек.
Заттай дәлелдемелерді тиянақты буып-түю қажет, өйткені, кері 
жағдайда оларды тасымалдау кезінде олардың күйі мен нысаны өзгеріске 
ұшырауы мүмкін.
Сұйық заттарды буып-түю үшін қақпағы сүргішпен немесе парафиндік 
қақпақпен жабылатын шыны ыдыстар қолданылады. Қатты және ұнтақ 
заттарды буып-түю үшін полиэтилендік пакет, қатты қағаздан жасалған 
конверттер және объектінің қауіпсіздігін сақтайтын ыдыстар қолданылады. 
Өсімдік массалары бұзылмау үшін алдын-ала кептіріледі. Жаңадан 
жұлынған өсімдіктер 6-8 сағат кептіріледі. Олар зерттеуге қағазға оралынған 
күйінде жеткізіледі. Смоладан жасалған заттар қағазбен контактіге түспеу 
қажет. Буып-түюден кейін әр объект маркировкалауға жатады. 
Есірткі құралдарының және психотроп заттар мен прекурсорлардың 
көлемін анықтау үшін, дәрі-дәрмектің стандартты үлгілері (эталондық) 
сараптаманы тағайындаған тұлғамен ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет