Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет94/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдары сот сараптамасының 
тиімді болуы үшін, тергеуші сараптамаға объектілерді толық және мұқият 
дайындауы қажет. Дайындық шаралары өз құрамына келесі әрекеттерді 
енгізеді: 
-
мұнай өнімдері мен жанармай материалдары басқа объектілерде іздерін 
қалдыруы мүмкін деген заттарды анықтай білу; 
-
мұнай өнімдері мен жанармай материалдары бар ыдыстарды анықтай білу; 
-
заттай дәлелдемелердің күйін бекіту; 
-
мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының пайда болу, сақтау, қолдану 
және объектілерде із қалдыру механизімдерін анықтай білу; 
-
объектілерді сараптамаға дайындау (буып-түю, маркировкалау); 
-
сараптамалық зерттеудің түрі мен міндеттерін анықтау, сұрақтарды 
сарапшыға дұрыс қою; 
-
тасымалдануға жатпайтын объектілермен сарапшының жұмыс істеуі үшін 
жағдайлар жасау. 
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарды сараптамаға жіберу 
үшін бірқатар талаптар сақталуы қажет. Мысалы бензин, керосин, дизель 
отыны т.с.с. заттардың құрамында тез ұшатын заттардың болуы, оларды 
сараптамаға жіберу кезінде герметикалық ыдыстарға құйылуын қажет етеді. 
Үлгілерді тоңазытқышта немесе салқын қараңғы жерде сақтау керек. Егер 
бензин, керосин т.с.с. заттарды толық герметизациялануға жатпаса, оның 
негізгі бөлігін ыдысқа құйып, ал қалғаның полиэтилендік дорбаға құю қажет, 
кейін байлап немесе жабыстырылуы керек және дереу сараптамаға 
жіберіледі. 


111 
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдардың жабысқақ үлгілерін 
(май, пластикалық жабысқақ) шыныдан жасалған ыдысқа құю керек. Оларды 
қағаздан жасалған пакеттерге, шырпы қорабына т.с.с. материалдардан 
жасалған ыдыстарға салуға болмайды.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарды объект-тасушыларда
орын алса, сараптамаға сол объект-тасушылардың өзін жіберу қажет. 
Қатты үлгілерді сараптамаға жіберу кезінде оларды полиэтилендік 
пакеттерге салып, байлап немесе жабыстыру керек.
Жол қабаттарынан үлгі алу кезінде сот сараптамасын тағайындау 
туралы қаулымен қатар үлгілерді алу туралы хаттаманы және оларды алудың 
кестесін жіберу қажет. 
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдары бар заттай дәлелдемелер 
органалептикалық түрде табылмайды, ал иіс арқылы алынып герметикалық 
ыдысқа құйылады да сараптамаға жіберіледі. Сараптаманы тағайындау 
туралы қаулыда оқиға болған сәттен заттай дәлелдемелерді алғанға дейінгі 
уақытты көрсету керек. Сол сияқты аталған қаулыда заттай дәлелдемелерді 
сақтау немесе қолданылу уақытынан тергелген оқиғаға дейінгі уақытын 
көрсету тиіс.
Көптеген мұнай өнімдері (тез өртенетін мұнай өнімдері) өзінің 
құрамын тез өзгертуге қабілетті. Мәселен, оларды табиғи жағдайда сақтау 
кезінде көптеген компоненттері ауаға ұшып кетеді, сондықтан сараптамалық 
зерттеулер жүргізуге жарамсыз болып қалады. Осыған байланысты, заттай 
дәлелдемелер тез арада герметикалық ыдыстарға салынып зерттелуге 
жіберілуі қажет. Аталған жағдай сот сарптамасының толық, дұрыс 
қорытынды беруге кепіл болады. Мұнай өнімдері мен жанармай 
материалдардың іздері бар заттарды ең алдымен криминалисттік 
сараптамаға, кейін өзге де сараптамаларға жіберу керек (сот-медициналық, 
сот-баллистикалық, трассологиялық т.с.с.). 
Сараптаманың тиімді болуы сарапшыда зерттеліп отырған объект 
туралы көп мәліметтердің болуында жатыр (сақталу жағдайы, оқиға болған 
жердегі материалды жағдаймен өзара әсері т.с.с.). аталған мәліметтер қарау, 
жауап алу хаттамаларында өзге де іс материалдарында болуы мүмкін.
Мұндай материалдар міндетті түрде сот сараптамасына қаулымен қатар 
жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет