110
бағытталған. Мәселен, 96 сынамалы бензиннің өзгеруі сақталу жағдайына
байланысты, мотор майы пайдаланылу белгілері бар қозғалтқыш картерінде
орын алған. Егер жалпы топтық қатыстылығын анықтау үшін
қажет болса,
онда сұрақ нақты түрде қойылады. Ол қылмыстық істің мән-жайларымен
байланысты (оқиға болған жерді қарау, жауап алу хаттамалары), олар
зерттеліп отырған объекті туралы деректерді құрайды. Мысалы, оның пайда
болу табиғаты, алынған жері, қолдан жасау фактілері т.с.с.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының тектік қатыстылығын
анықтау барысында сарапшыға қосымша деректерді ұсыну қажет. Олар
мысалы, көлік құралының маркісі, типі, ату қаруының типі т.с.с.
аталған
деректер сарапшыға объектінің идентификациялық белгілерін толық және
дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Сол сияқты, тәжірбиеде аталған объектілердің жеке тепе-теңдігін
анықтау жағдайлары орын алады. Мәселен мұндай жағдайлар, мұнай
өнімдері мен жанармай материалдарының материалды ортамен байланысу
барысында пайда болған іздердің жеке тепе-теңдігін анықтау кезінде орын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: