34
Есеп. Турист бірінші күні 24 км, ал екінші күні 17 км жол
жүрді. Турист екі күнде барлығы қанша километр жол жүрді?
Жоғарыда келтірілген үш есепті салыстырсақ, онда олардың
әрқайсысында қандай да бір шаманың үш мәні берілген. Ол
мәндердің екеуі белгілі де; біреуі белгісіз. Бұл үш мәндер қосу
операциясының қатынасы аркылы байланыста болады. Оны
қандай сөз анықтап түр? Осы сұраққа жауап беру үшін бұл үш
есепке де ортақ болып, әрқайсысына қатынасып тұрған сөзді
табайық. Ондай сөздер «қанша» және «барлығы». Есеп тексіндегі
«қанша» деген сөз белгісіз болып тұрған мәннің белгісі, ал
«барлығы» деген сөз осы арақатынастың сөздік белгісі болып
табылады.
Бұл сөз тіркесіп тұрған шаманың мәні ол шаманьщ басқа
мәндерінің қосындысы болады. Соңғы есептегі арақатынастың
сөздік белгісі «барлығы» деген сөз белгісізге тіркесіп тұр. Олай
болса белгісіз— берілген мәндердің 24 км мен
17
км-дің
қосындысы болып табылады.
Мына есепті қарастырайық:
Есеп. Қой мен қозының барлық салмағы 55 кг. Қойдың
салмагы 40 кг екендігі белгілі. Қозының салмағы қанша?
Бұл есепте де белгілі бір шаманың, яғни салмақтың үш мәні
берілген. Оның екеуі (55 кг және 40 кг) белгілі де, біреуі белгісіз.
Мұнда «барлығы» деген сөздік белгі бірінші берілген мәнге (55
кг) тіркесіп тұр. Сондықтан бұл есепте мынадай арақатынас бар:
55 кг берілген 40 кг мен белгісіз салмақтың қосындысы болады.
Есеп. Жаяу адам екі күнде 45 км жол жүрді және оның
бірінші күні 25 км жол жүргені белгілі. Ол екінші күнде қанша
километр жол жүрді?
Мұнда белгілі бір шама, ара қашықтықтың (жолдың) үш
мәні берілген. Оның екеуі белгілі де, үшіншісі белгісіз. Есеп
тексінде «барлығы» деген сөз жоқ, бірақ оны бірінші мәннің
берілуіне тіркестіріп енгізуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: