1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата15.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#123455
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
мат сауаттылық силлабус

 
№4 лекция тақырыбы

Мазмұнды есептерді шығарудан 
алдын ала жүргізілетін жұмыстар 
 
5-9 сыныптардағы математика курсында мазмұнды есептерді 
шығарудың екі негізгі тәсілдері қарастырылады: арифметикалық 
және алгебралық. Алгебралық тәсіл сандық құру және 
нәтижелерді есептеу жолымен белгісіз шама мәнін табудан 
тұрады. 
Алгебралық 
әдіс 
есепті 
шығару 
барысында 
салыстырылатын теңдеулер мен теңдеулер жүйесін пайдалануға 
негізделген. Мазмұнды есептерді шығару барысында теңдеулерді 
құру бойынша пропедевтикалық жұмысты жүзеге асырудың 
негізгі сұрақтарын қарастырайық. 
Бұл жерде екі негізгі кезеңді атап өтуге болады.
 
Бірінші кезеңдегі оқытушының міндеті оқушылардың кейбір 
математикалық 
дағдылар 
жүйесін 
де 
мақсатты 
түрде 
қалыптастырудан тұрады. 
Екінші кезеңде есеп мазмұнына кіретін шамалар арасындағы 
байланыстарды 
анықтауға 
және 
осы 
байланыстарды 
математикалық тілге аударуға, үйретуге ерекше назар аударылуы 
керек. Әрбір кезеңге толығырақ тоқталайық. 
Есеп шығарудан алдын жүргізілетін жұмыстардың бірінші 
кезеңі. Оқушылардың мазмұнды есептерді оқытудың осы 


26 
кезеңінде қалыптастыру керек болатын неғұрлым маңызды 
ептіліктерге келесілер жатады: есеп мазмұнын мұқият оқи білу 
ептілігі, есеп мазмұнына алғашқы талдау жүргізе білуі, есеп 
шарты мен сұрағын көрсете білу ептілігі, есеп мазмұнын қысқаша 
жаза білу ептілігі, есеп мазмұны бойынша суретін сыза білу 
ептілігі. 
Есеп мазмұнын оқи білу ептілігін қалыптастыратын 
тәсілдері есептің дұрыс оқытылуына қатысты мысал, үлгілерді 
көрсету, есеп мазмұнын меңгеру бойынша есеп мазмұнына 
қатысты арнайы жұмыс жүргізу. Мұнда есептің ұсынылуына 
түрлі формаларда қарастырылады: мазмұны, мазмұнын қысқаша 
жазу, сурет. Сондай-ақ мұнда есеп мазмұнын меңгеру бойынша 
түрлі тәсілдер енгізіледі. Есептің сандық мәліметтерін өзгерту, 
есеп мазмұнын өзгерту. 
Есеп шарты мен талабын көрсете білу ептілігін 
қалыптастыратын тәсілдер: 
- есептің шартына қатысты тәсілді табудағы сұрақ рөлін 
айқындау; есеп сұрағының қойылуының нақтылығы мен 
түсініктілігіне назар аудару; есеп сұрағын қайта құру. Бұл тәсіл 
оқушыларды есеп шарты мен сұрағын таба білуге тәрбиелеуге 
бағытталған; 
- есеп шартына қатысты бір немесе бірнеше сұрақтар қою; 
- есеп сұрағына жауап беру үшін қажетті мәліметтерді табу; 
- сұрақ бойынша есеп құру, аталмыш сұрақ бойынша бір 
немесе бірнеше есеп құрастыру; 
Есеп мазмұнын қысқаша жазу ептілігіне дағдылау тәсілдері: 
- кесте, сызба түрінде қысқаша жазуды талдау; 
- қысқаша жазуды жолға толтыру; 
- есептің қысқаша жазбасын оқу; 
- есепті, оның қысқаша схемасы бойынша құрастыру; 
Есеп мазмұны бойынша суреттерге үйрету тәсілдері. 
Олардың негізділері: 
- сәйкес суретті орындауды ғана талап ететін тапсырманы 
ұсыну; 
- есеп мәтіні бойынша орындалған суретті оқу; 
- сурет не сызба бойынша есеп құру; 
Есеп мазмұны бойынша сызбаларды жасау тәсілдеріне 
кейбір түсініктемелерді енгізейік. Есеп мазмұны бойынша 


27 
орындалған сызба оны шығару барысында талқылаулар барысын 
бекітуге мүмкіндік береді. Сондықтан сызбаларды орындауға 
мынадай талаптар қойылады: олар көрнекті, нақты және есеп 
мазмұнына сәйкес келуі керек; оларда есеп шартына кіретін 
барлық мәліметтерді бейнелеуі керек; оларда көрсетілген 
мәліметтер есеп шарты мен жалпылай қабылданған белгілерге 
сәйкес келуі керек. 
Егер оқушылар сәйкес сызбаны оқи алатын болса, есеп 
сызбаны орындау ептілігін қалыптастыру табысты болады. 
Осыған байланысты сызба және сурет бойынша есеп мазмұнын 
құру маңызды сәт болып табылады. Осындай жаттығуларды 
орындау нәтижесінде графикалық мәліметтерді сөз мәтініне 
аудару дағдылары қалыптасады. 
Есеп шығарудан алдын жүргізілетін жұмыстардың екінші 
кезеңі: Мұндағы маңызды сәт - оқушыларды шамалар өзгерісінің 
сөздік көрінісінің тәсілдерін түсінуге үйрету. Бұған сәйкес 
жаттығулар көмегімен қол жеткізуге болады. Мысалы 4 
сыныптағы натурал сандарды көбейту әрекеттерін талдау 
барысында оқушылардың көбейтудің бір тәсілін қарастырады. 
Яғни санды бірнеше рет арттыру. Мұнда қойылған мақсатқа жету 
үшін бірнеше төмендегі жаттығулар қарастырылған: 
1.
Әкесі баласынан 4 есе үлкен. Егер баласы х жаста болса, 
әкесі қанша жаста болады? (4х). 
2.
Алғашқы екі сөренің әрқайсысында х кітаптан, ал 
үшіншісінде а кітаптан түр. Үш сөреде қанша кітап бар? (2х+а). 
3.
Егер а=5с болса, а және с-ны салыстырыңдар. (а с-дан 5 
есе көп немесе с а-дан 5 есе аз). 
4.
Мына шартты пайдалана отырып, теңдеу құрыңдар. x у-
тен n есеге көп (х=nу). 
5.
2х=28 теңдігі бойынша есеп кұрыңдар. Мысалы 
«Қоржында бірнеше саңыраукұлақтар болған. Оған сонша санды 
қосқаннан кейін онда 28 саңырауқұлақ болды. Қоржында қанша 
саңырауқұлақ болғаны?». 
Ұқсас жаттығулар оқушыларға өзге де арифметикалық 
әрекеттерді орындау барысында ұсынылуы мүмкін. 
Есепті шығаруға үйрету әдістемесінде сондай-ақ қойылған 
мақсатқа жету үшін өзге де жаттығу жүйелері ұсынылады. 
Мысалы, нақты мазмұнды есептер қарастырылады және олардың 


28 
мәтінін оқығаннан кейін оқушыларға бірқатар сұрақтарға жауап 
беру ұсынылады. Осы тәсілдің мазмұнын мына есептен 
қарастырайық. 
Есеп: «Метеор» теплоходы 1 сағат ішінде катерға қарағанда ара-
қашықтығы 8 есе көп жүріп өтті. Егер олардың жылдамдықтары 
90 км/сағ. болса, олардың әрбіреуі сағатына қанша километр 
жүріп өтеді? 
Тапсырма: 
1. Тәуелділіктер мен жылдамдықты шамаларды атаңдар; 
а) біріншісі екіншісінен 2 есе көп. 
б) біріншісі екіншісінен 2 есе аз. 
2. Егер катер сағатына х км жүрсе, онда 5х, 5х+х-ті қалай 
талқылауға болады? Есеп шарты бойынша ұсынылған шаманың 
қайсысының мәні танымал? 
Оқытушының мазмұнды есептерді шығаруға үйрету бойынша 
пропедевтикалық жұмысы, аталған жүйесі есептердің оқыту 
мақсаты мен құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ пәні (заты) 
ретінде де қарастырылатынын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет