1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата15.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#123455
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
мат сауаттылық силлабус

«Жаяу 
адам екі күнде 
барлығы 45 км жол жүрді». Бұдан кейін 
 
есепте қосу 
операциясының арақатынасы берілгендігі анықталады. 
Сонда 45 км— берілген 25 км мен белгісіз жолдың 
қосындысы. 
Е с е п. Талғатта 20 тиын ақша бар еді, оның 8 тиынына


35 
дәптер сатып алды. Талғатта қанша тиын қалды? 
Есеп тексіне талдау жасайық. Мына сөз тіркесі: «Талғатта 
20 тиын ақша бар еді» — ақша саны болып тұрған шаманың 
бірінші мәнінің берілуі. Мұндағы «Талғатта...бар еді» деген сөз 
бұл берілген мәннің ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ «оның 8 
тиынына дәптер сатып алды» деген тіркесі сол шаманың екінші 
белгілі мәнінің берілуі. Енді «Талғатта қанша тиын қалды?» деп 
жоғарыда айтылған шаманың үшінші белгісіз мәні туралы сөз 
болып тұр. 
Есеп тексіндегі «болды, қалды» деген сөздер алу 
операциясы арақатынасының сөздік белгілері. Шаманың 
«болды» сөзі тіркесіп тұрған мәні азайғыш, ал берілуіне
 
«қалды» 
сөзі еніп тұрған мән қалдык, яғни айырма болады. Бұл есепте 
мына арақатынас берілген: 20 тиыннан 8 тиынды аламыз, бұдан 
шыққан тиын саны белгісіздің мәні болып табылады. 
Егер бұл есептің тексіне «барлығы» деген сөзді енгізетін 
болсақ, яғни «Талғатта барлығы 20 тиын ақша бар еді» деп
жазсақ, онда қосу операциясының арақатынасы берілгенін
байқаймыз, яғни 20 тиын дәптер сатып алуға жұмсаған 8 тиын 
мен белгісіз болып қалған тиынның қосындысы болады. 
Кей есептерде арақатынастың түрін анықтайтын сөздік 
белгінің есеп тексіне енбеуі де мүмкін. Ондай жағдайда есепте 
берілген арақатынастың түрін анықтау үшін ондағы берілген 
сандарды, 
баяндалған 
оқиғаларды, 
тұжырымдалған 
ситуацияларды өзгертпей, тек есепте қарастырылып отырған 
шаманың кейбір мәндерінің берілуін ғана өзгертіп, есептің 
тексін қайтадан тұжырымдау керек. 
Есеп. Самат 12 тиынға кітап сатып алу үшін кассаға 
15 
тиын ақша берді. Кассир оған қанша тиын қайтарып беруге тиіс? 
Есепте қандай да бір шаманың (ақша мөлшерінің) мәні 
берілгендіктен, мұнда қосу немесе алу түріндегі қатынастардың 
біреуі берілуге тиіс. Оған көз жеткізу үшін есепті қайтадан 
тұжырымдайық. «Самат 12 тиынға кітап сатып алу үшін кассаға 
барлығы 15 тиын ақша берді. Кассир оған қанша тиын қайырып 
беруге тиіс?» Бұл жағдай да есепте қосу операциясының 
арақатынасы беріліп тұрғандығы бірден байқалады (15 тиын — 
12 тиын мен қайырып беруге тиіс белгісіз ақшаның қосындысы). 
Бұл есепті басқаша да тұжырымдауға болады. «Саматта 15 


36 
тиын ақша бар еді, оның 12 тиынына кітап сатып алды. Оның 
қанша ақшасы қалды?» Енді есепте алу операциясының 
арақатынасы беріліп тұр: 15 тиыннан 12 тиынды аламыз, сонда 
ақшаның қалған белгісіз мөлшері шығады. 
Сонымен, қосу немесе алу түріндегі операциялардың 
берілуінің сөздік белгілері былай екен: 
1)
Қандай да бір шаманың (белгілі және белгісіз) 
мәні беріледі; 
2)
Осы мәндердің біреуінің берілуінде «барлығы», 
«болғанда», «әуелде» сияқты сөздер тіркесіп тұрса онда 
қосу операциясы, ал «қалған» (қалды) деген сөздер 
тіркессе, онда алу операциясы берілгені болады. 
Сонымен ескеретін жайт «әкелді», «әкетті», «сатып алды», 
«сатып жіберді» т.с.с. сөздер амалдардың сөздік белгілері емес. 
Бұл сөздерге қарап есеп шығаратын амалдарды таңдап 
алуға болмайды. Мұндай сөздер есепте баяндалған құбылыстар 
мен қимылдардың белгілері болып табылады.
Сондықтан бұл 
сөздер есеп тексі бойынша онда баяндалған ситуацияның нақтылы 
елесін келтіру үшін қажет. 
Енді 
басқа 
арақатынастардың 
сөздік 
белгілерін 
қарастырайық. 
Егер қандай да бір шама өзінің екі мәні арқылы берілсе, 
онда олар өзара салыстыру операциясымен байланыста болады. 
Болат пен Саматтың ақшалары тең. Болатта 21 тиын болса, 
Саматта қанша ақша бар? 
Бұл есеп т е бір шаманың (ақша мөлшерінің) екі мәні 
туралы сөз болып тұр. Олар: Болаттағы ақша мөлшері мен 
Саматтағы ақша мөлшері жайлы. Бір шаманың осы екі мәні 
өзара салыстырылып, олардың тең екендігі есеп шартында 
айтылып тұр. Сондықтан бұл екі мән өзара теңдік 
арақатынасымен байланыста болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет