Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет36/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Екі индикаторлы электродпен титрлеу 
 
Соңғы кездері екі индикаторлы электродпен амперометрлік 
титрлеу кең қолданысқа ие. Оны кейде 
тепе-теңдік соңғы нүкте 
(dead-stop ed point) 
әдісі деп те атайды. Бұл әдіспен анықтау 
кезінде төмен кернеуде (10
-2 
В) ерітіндіге екі платина электродын 
немесе басқа инертті электродты енгізеді және титрлеу бары-
сында ток күшін бақылап отырады. Титрлеуге дейін электродтар 
арасындағы ток күші өте аз немесе мүлдем байқалмайды, себебі 
тотығу-тотықсыздану жұбы болмағанда, потенциалдар айырымы 
өте аз кезінде электродты үрдіс болмайды. Титрант енгізген кезде 
талданатын ерітіндіде екі тотығу-тотықсыздану жұбы пайда 
болады және де эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде титрленетін 
затпен түзілген жұптың компоненті елеулі мөлшерде болады, ал 
эквивалентті нүктеден кейін титранттан түзілген компоненттер 
басым келеді. Титрлеу қисығының түрі негізінен осы жұптардың 
электрохимиялық қайтымдылығына байланысты анықталады. 
Егер екі тотығу-тотықсыздану жұбы қайтымды болса, 
мысалы, темірді (ІІ) церий (ІV) тұзымен титрлеу реакциясы: 
𝐹𝑒
2+
+ 𝐶𝑒
4+
= 𝐹𝑒
3+
+ 𝐶𝑒
3+
 
сияқты, онда титрлеу қисығы 
2.17, а-суреттегідей
болады. 


63 
𝐶𝑒
4+
-дің алғашқы мөлшерін қосқаннан-ақ ерітіндіде 
𝐹𝑒
3+
/
𝐹𝑒
2+
тотығу-тотықсыздану жұбының түзілуіне алып келеді 
және тізбекте ток пайда болады, себебі катодтағы 
𝐹𝑒
3+
тотық-
сыздануы мен анодтағы 
𝐹𝑒
2+
тотығуы жүйенің жоғары қай-
тымдылық салдарынан потенциал айырымы минималды болған-
да жүреді. 
𝐹𝑒
2+
жартысы реакцияға түскенше ток күші жоға-
рылай береді, содан кейін төмендей бастайды да, эквиваленттік 
нүктеде нөлге дейін түседі. Эквиваленттік нүктеден кейін катодта 
𝐶𝑒
4+
тотықсызданады, ал анодта 
𝐶𝑒
3+
тотығады және тізбекте 
ток қайтадан пайда болады. 
Егер анықталатын затпен түзілген жүйе кайтымды, ал тит-
рантпен түзілген қайтымсыз болса, мысалы, 
𝐹𝑒
2+
калий пер-
манганатымен титрлегенде, эквивалентік нүктеге дейін титрлеу 
қисығы 
2.17, а-суреттегі
қисықтан еш айырмашылығы болмай-
ды, себебі екі жағдайда да эквиваленттік нүктеге дейін жүйедегі 
ток күші электрохимиялық қайтымды жүйемен реттеліп 
отырады. Бірақ эквивалентті нүктеден кейін ток күшінің жоғары-
лауы болмайды, себебі мұндай потенциал айырмашылығында 
𝑀𝑛
2+
анодта тотықпайды. 
Егер электрохимиялық қайтымсыз жүйе титрленсе, ал тит-
рант қайтымды тотығу-тотықсыздану жұбын түзсе, онда эквива-
ленттік нүктеге дейін ток болмайды, ал эквивалентті нүктеден 
кейін ол бірден жоғарылайды 
(2.17, ә-сурет)
. Мысалы, Мор тұзы 
ерітіндісімен перманганатты немесе иод ерітіндісімен тиосуль-
фатты титрлеу қисығының түрі де осындай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет