Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет37/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

2.17-сурет.
Екі индикаторлы электрод қатысындағы
амперометрлік титрлеу қисығы: а – екі жұп та қайтымды; 
ә – қайтымсыз жүйе қайтымды жүйемен титрленеді 


64 
Екі индикаторлы электродпен амперометрлік титрлеу дәл 
және сезімтал: бұл әдіс арқылы концентрациясы 10
-5 
моль/л және 
одан да аз келетін, анықталатын заттың ерітінділерін талдауға 
болады. Бұл бір индикаторлы электродты әдіске қарағанда, 
қолданатын қондырғысы қарапайым болып табылады. Бұл әдіс-
пен титрлеу кезінде титрлеу қисығын тұрғызу қажеті болмайды, 
себебі эквиваленттік нүкте токтың бірден тоқталуымен немесе 
токтың пайда болуымен анықталады. 
 
 
Практикалық қолданылуы 
 
Вольтамперометрлік анализді көптеген металдарды анықтау 
үшін қолданады. Кадмий, кобальт, мыс, қорғасын, марганец, 
никель, қалайы, мырыш, темір, висмут, уран, ванадий және 
көптеген басқа да элементтерді кендердің, концентраттардың, 
құймалар мен басқа да табиғи және техникалық объектілерінен 
анықталады. Потенциалдарының жартылай толқындарының 
жеткілікті (Е
0
1/2
≥ 0,10 В) айырмашылығында бірнеше элемент- 
терді алдын ала бөлмей-ақ, сандық анықтауға болады. Мысалы, 
аммиакты буферлі ерітіндіде кадмий (Е
0
1/2
= – 0,81 В) және 
никель (Е
0
1/2
= – 1,10В) қоспасын полярографиялауға болады. 
Хромат-, иодат-, молибдат- және кейбір басқа иондарды, соны-
мен қатар көптеген органикалық қосылыстарды: альдегидтер, 
кетодар, азо- және нитрокосылыстарды және т.б. вольтамперо-
метрлік әдіспен анықтаудың анағұрлым маңызы зор. Полярогра-
фиялық әдісті биологиялық маңызды материалдарды: қан, сары-
су және т.б. анализдеу үшін кеңінен пайдаланады.
Сонымен қатар қазіргі кезде вольтамперометрлік әдістер де 
қарқынды дамуда: потенциал беруі жылдам, ауыспалы токты, 
инверсионды, импульсті және т.б.
Амперометрлік титрлеуді әртүрлі техникалық және табиғи 
объектілерде, минералды шикізаттар мен оларды қайта өңдеу 
өнімдерінде, табиғи суларда, өнеркәсіптік ерітінділерде, метал-
лургия өнімдерінде және т.б. катиондар мен аниондарды анықтау 
үшін, сонымен қатар көптеген органикалық заттардың талдау-
ында қолданады. Әртүрлі типтегі реакцияларды (тұндыру, ком-
плекс түзілу және тотығу-тотықсыздану) пайдалану периодтық 


65 
жүйедегі көптеген элементтер үшін амперометриялық титрлеудің 
жағдайын таңдауға мүмкіндік береді. Аналитикалық құндылық-
тары (талғампаздық, сезімталдық) жақсы белгілі органикалық 
реагенттерді пайдалану арқасында амперометрлік титрлеудің 
мүмкіндіктері анағұрлым артты. Олардың көбісі электродтарда 
электрохимиялық өзгеріске ұшырауға қабілетті, бұл олардың 
құндылығын арттыра түседі, себебі бұл амперометрлік титрлеуді 
титранттың тогы бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Амперо-
метрлік титрлеуге экспресстілік тән, оны сұйытылған ерітін-
ділерде (10
-5
моль/л дейін және оданда аз) жүргізуге және лайлан-
ған не боялған ерітінділерді анализдеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет