Электрогравиметриялық талдау Электролиз құрылғысының сызбанұсқасы Электрогравиметриялық талдауда талда-
натын затты ерітіндіден электролиз арқылы
сандық бөліп, бөлінген металл немесе оның
оксидінің мөлшері бойынша үлгідегі анықта-
латын элементтің мөлшерін анықтайды.
Электролиз жүргізуге арналған құрылғының
сызбанұсқасы
2.21-суретте көрсетілген. Тұ-
рақты ток алу үшін ауыспалы ток түзеткіші
немесе аккумуляторлар батареясы
(1) қолда-
нылады. Жылжымалы контакт
(2) вольтметр-
мен өлшенетін кернеуді реттеуге мүмкіндік
береді. Ток күші амперметрмен реттеледі.
Әдетте металдар бөлінген кезде, катод
(5) платина торынан, анод
(4) платина спира-
лінен немесе пластинасынан жасалады. Ок-
сидтер бөлінген кезде электродтардың таңба-
сы ауысады: платиналық пластинасы анод
болып, ал спираль катод болады. Ерітінді
механикалық немесе магнитті араластыр
-
ғышпен
(3) араластырылады.
Электрогравиметриялық талдауды тұндырғыш ретінде элек-
трондар қатысатын гравиметриялық талдаудың бір түрі деп қа-
растыруға болады. Электролиттік алынған металдар мен оксид-
тер тұнбасы тұндыру формасы да, гравиметриялық формасы да
болады.
Тұндыру формасына қойылатын негізгі талаптар оның на-
шар ерігіштігі мен тазалығы, яғни ластанудың болмауы болып
табылады. Бұл талаптар электрогравиметриялық әдісте шы-
найы орындалады, себебі көптеген металдар және көрсетілген
оксидтер суда ерімейді, металдар немесе оксидтердің электро
-
литикалық бөлінуі кезінде бірге тұну жүрмейді немесе оны
электролиз жағдайын таңдау кезінде алдын алуға болады.
Алынған металл немесе оксидтің тұнбасы жууға және өлшеуге
ыңғайлы.
2.21-сурет. Электролиз
жургізуге арналған
қондырғының
сызбанұсқасы