Потенциометрлік анализ


 Өзіндік жұмысқа арналған есептер



Pdf көрінісі
бет40/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

2.2.3. Өзіндік жұмысқа арналған есептер 
1. Зерттелетін ерітіндіні полярографиялау кезінде келесі
мәліметтер алынған болса (алымында теріс мәнді потенциал, В, 
бөлімінде – ток, мкА). Онда график тұрғызып, элементтің жар-
тылай толқын потенциалын анықтаңыз: 
1) 0,025/4,8; 0,05/4,9; 0,1/5; 0,15/13; 0,175/22; 0,25/32,5; 0,35/33,5; 0,5/35,5;
2) 0,05/4,9; 0,1/5; 0,15/5,05; 0,2/11; 0,25/18; 0,325/26,5; 0,4/27; 0,5/29.
2. Тамшылы сынап электродында калий гидроксидінің
1 М фон ерітіндісін полярографиялық анализді жүргізгенде жар-
тылай толқын потенциалы 1,03 В болған жағдайда зерттелетін 
ерітіндіде қандай элемент болғанын анықтаңыз. 
3. Хлорсутекті қышқылдың 1 М фонды ерітіндісінде тамшы-
лы сынап электродында полярографиялағанда келесі мәліметтер 
алынды: 
2.20-сурет. 
Динитрофенилгидразин 
ацетальдегидінің 
амперометриялық титрлеу 
графигі 


69 
Теріс мәнді В 0,01 0,05 
0,08 
0,09 
0,1 0,11 
0,14 
0,19; 
потенциал, 
Ток, мкА 

1,4 



10 
12,7 
13,7. 
График тұрғызып, ерітіндіде қандай элемент барын анықта-
ңыз. 
4. Марганецті аныктау үшін градуирлеу графигін тұрғызған-
да, 10
-4
М марганец (II) тұзының ерітіндісі қолданылды. Оның 
аликвотты бөлігі 25 см
3
-ке дейін буферлі ерітіндімен сұйылты-
лып, полярографиялық анализ жүргізілгеннен кейін келесі мә-
ліметтер алынды: 
V, см
3





6; 
h, мм 

16 
26,5 
35 
41 
54. 
Құрамында марганец бар 0,5 г құйманы 100 см
3
азот қыш-
қылында ерітіп, сол ерітіндіден 5 см
3
алып, 25 см
3
-қа дейін буфер 
ерітіндісімен сұйылтты. Полярографиялаудан кейін толқын 
биіктігі 32,7 болды. Құймадағы марганецтің массалық үлесін 
анықтаңыз. 
5. Градуирлеу графигін анықтау үшін 10
-4
М мырыш ерітін-
дісінің аликвотты бөлігін аммиакты буферлі ерітіндісімен 25 см
3
-қа 
дейін сұйылтып, полярографиялайды. Осыдан келесі мәліметтер 
алынды: 
V, см
3





6; 
h, мм 

16 
26,5 
35 
41 
54. 
Құрамында мырыш бар 1 г құйманы 2,50 см
3
қышқылдар 
қоспасында ерітіп, содан 5 см
3
ерітіндіні алып, оны буфер 
ерітіндісінде 25 см
3
-қа дейін сұйылтты. Полярографиялау кезінде 
толқын биіктігі 24,7 мм болды. Құймадағы мырыштың массалық 
үлесі неге тең?
6. Егер 10 см
3
зерттелетін ерітіндіні қосу әдісімен талдағанда,
алынған толқынның биіктігі 10,5 мм, ал концентрациясы 
0,05 моль/дм
3
мыстың стандартты 2 см
3
ерітіндісін қосқанда 


70 
24 мм-ге дейін артса, онда мыстың ерітіндідегі молярлы концен-
трациясын анықтаңыз. 
7. Құрамында никель бар зерттелетін ерітіндіні сыйым-
дылығы 100 см
3
колбаның белгісіне дейін 0,1 М натрий ацетаты 
ерітіндісі құйылды. Электролизерге 20 см

зерттелетін ерітіндіні 
құйып, 0,002 м диметилглиоксим (ДМГ) ерітіндісімен 1,7 В по-
тенциалда амперометрлік титрлеу жүргізілді. Келесі мәліметтер 
бойынша титрлеу қисығын салыңыз, эквиваленттік нүктеде реак-
тивтің көлемін және үлгідегі никельдің құрамын анықтаңыз (мг): 
Титранттың көлемі, см
3
1
1,5
2
3
4
5: 
Ток, мкА
37 28
20,5
18
30
41,5. 
Есептеу кезінде 1 моль никель 2 моль ДМГ-мен реакцияға 
түсетінін ескеріңіз. 
8. 10 см
3
мырыш ерітіндісін жаңадан дайындалған 
K
4
[Fe(CN)
6
] (мырыш бойынша титрі 0,002445) ерітіндісімен 
амперометрлік титрлеуді –1,46 В-та жүргізгенде, келесі мәлімет-
тер алынды: 
Титранттың көлемі, см
3
0 0,2 0,4 0,5 1,0 1,5 2 2,5 3,0 
Ток, мкА 60 60 60 61 61 120 176 230 285
График тұрғызып, зерттелетін ерітіндіндідегі мырыштың мо-
лярлы концентрациясын анықтаңыз. 
9. Кварцтағы сүрмені салыстыру әдісімен анықтау үшін
0,5 М H
2
SO

, 0,5 М KCl және 10
-5
М метиленді көктің фонында 
Е
1/2 
( Sb) = – 0,14 В (қаныққан электродқа катысты) потенциалда 
концентрациясы 0,1565 және 0,1205 мг/дм
3
сүрменің стандартты 
ерітінділері арқылы екі полярографиялық толқындар 15,4 және 
12,0 см алынды. Егер толқын биіктігі 12,5 см болса, сүрменің
25 см

зерттелетін ерітіндідегі мөлшерін анықтаңыз. 
10. Минералды шикізаттың құрамындағы висмутты салыс-
тыру әдісімен 1,2 М HCl-дың NaH
2
PO
4
қатысында Е
1/2
= –0,10 В-та 


71 
(қаныққан электродқа катысты) анықтайды. Зерттелетін ерітін-
діні полярографиялағанда, толқын биіктігі 120 мм болды, ал сол 
шарттарда титрі 0,000125 және 0,000202 болатын оның екі 
стандартты ерітінділерін полярографиялағанда сәйкес толқындар 
алынды – 85 және 153 мм. Висмуттың зерттелетін ерітіндідегі 
концентрациясын анықтаңыз (г/см
3
). 
11. Германийдің көмірдегі мөлшерін салыстыру әдісімен
pH = 8,3 болатын аммиакты ерітіндіде Е
1/2 
= –1,3 В (қаныққан 
электродқа катысты) анықтады. Зерттелетін ерітіндіні поляро-
графиялау кезінде толқын биіктігі 17,5 см болды. Осы шарттарда 
концентрациялары 0,001105 және 0,001421 моль/ дм
3
герма-
нийдің стандартты ерітіндісін полярографиялағанда, оларға сәй-
кес толқын биіктіктері 13,2 және 20,0 см болды. Белгісіз ері-
тіндідегі германийдің молярлы концентрациясы неге тең? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет