Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет59/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Жарық қабылдағыштар 
 
Абсорбциялық спектроскопия құралдарында жарық қабыл-
дағыш ретінде фотоэлементтер, фотокөбейткіштер қолданылады, 
кейде жарық қарқындылығы көзбен визуалды бағаланады. 
Инфрақызыл сәулеленудің қарқындылығын өлшеу үшін фотоэле-
менттер, термоэлементтер және болометрлер пайдаланылады. 
Жарық қабылдағыштар спектралды сезімталдықпен сипатта-
лады. Әртүрлі толқын ұзындығындағы сәулелерді қабылдай алу 
қабілеттілігі – сәулелену спектріндегі ыдырамаған рецепторға 
әсер ету бойынша өлшенетін интегралды сезімталдық.
Термоэлементтерде инфрақызыл сәулеленудің әсерінен ме-
талдардың немесе құймалардың арасындағы дәнекерлеу темпе-
ратурасы өзгергенде пайда болатын термо ЭҚК қолданылады. 
Бұл мақсаттарда мыс – константан, күміс – висмут және т.б. 
терможұптар кең қолданылады.
Болометрдің жұмыс істеу принципі қыздырғанда материал- 
дың электрокедергісінің өзгеруіне негізделген. Қарайған плати-
налы, сүрмелі немесе басқа жұқа металды пластинка болып табы-
латын термосезімтал элементті көпірлі сызбаға қосады. Инфра-
қызыл сәулелену түсетін сәуленің қарқындылығына пропорцио-
налды термосезімтал элементтің қызуын және көпірдің теңгері-
луін тудырады.
Өнеркәсіпте абсорбциялық спектроскопиялардың әртүрлі 
құралдары: жарықтандырғыштардың, монохроматизаторлардың 
және жарық қабылдағыштардың әртүрлі комбинацияларын пай-
даланатын фотометрлер, фотоэлектроколориметрлер, спектро-
фотометрлер және т.б. шығарылады. 
Аналитикалық зертханаларды әртүрлі ФЭК-ды (фото-элек-
троколориметрлер) кең пайдаланады – ФЭК-56-2, ФЭК-56 М жә-
не т.б. КФК сериялы құралдардың соңғы модельдерінде заттың 
концентрациясы тікелей алуға мүмкіндік беретін микропроцес-
сорлы жүйе қарастырылған, ал КФК-МП колориметрі, сонымен 
қатар термо басып шығаратын құрылғымен қамтамасыз етілген.


104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет