105
O
R – CH C
NH
2
OH (ә)
формуласымен көрсетуге болмайды.
D
2
O глициннің бейтарап ерітіндісінің спектрінде ионизация-
ланған карбоксил тобы үшін (1600 және 1400 см
-1
) жұтылу сызық-
тары табылған. Ерітіндіге DCl қышқылын енгізу олардың 1710 см
-1
сызықтарға ауысуына, ал сілтіні қосқанда олардың қайта қалпына
келуіне алып келеді.
NH валентті тербелістерінің сызықтары әдетте өздері байқа-
латын 3300-3500 см
-1
аумағында, амин қышқылдарында байқал-
майды, ал –NH
3
тобына тән 3070 см
-1
шамасындағы аумақта олар
бар. Аминсірке қышқылының түзілуі 3300-3500 см
-1
аймағында –
NH
2
– тобына тән сызықтың пайда болуын тудырады. Осы нәти-
желерді қойсақ:
Топ .................................. –NH
2
+
NH
3
– COOH
– COO
-
Толқын саны, см
-1
......... 3300; 3500
3700
1710 1600; 1400
Бейтарап ерітінді ........... –
+
–
+
Қышқылды ерітінді ........ –
+
+
–
Сілтілі ерітінді ............... +
–
–
+
Бұл мәліметтер сулы ерітінділерде глицин цвиттер-ион
𝑁
⏞
+
H
3
CH
2
COO
-
түрінде болатынын көрсетеді. Инфрақызыл спектр-
де қандай да бір сипаттамалық жиілікке қатысты сызықтың бол-
мауы молекулада белгілі бір топтың жоқ екендігінің нақты дәлелі
болып табылады. Сондай-ақ спектрдің кейбір аймағында сызық-
тың болуы дәлелдік куәлігі аздау болып келеді, яғни сызықтар-
дың беттесіп қалу мүмкіндігіне байланысты
молекулада болжан-
ған топтың болуы әрқашан толық дәлелденбейді.
Қазіргі кезде 20 000-нан аса қосылыстың инфрақызыл спек-
трлерінің кестелері мен сәйкесінше атластары жасалған және
зерттелген бұл талдаудың практикалық қолданысын айтарлықтай
жеңілдетеді. Бірінші бағытталған мәліметтерді алу үшін жиі
Колтуп картасын
пайдаланады,
онда көптеген сипаттамалық
106
жиіліктерінің пайда болуының спектралды аумағы мен олардың
мүмкін жатқызулары көрсетілген. Соңғы қорытындылар үшін
әдетте спектр мұқият талап етіледі. Кейде сапалық талдаудың
міндеті талданатын зат пен «күмәнді» қосылыстың спектрлері
қарапайым салыстырумен шешілуі мүмкін.
Инфрақызыл спектроскопия бейорганикалық заттар талдау-
ында ойдағыдай пайдаланылады. Мысалы,
CO
3
2−
сипаттамалық
жиілігі 1450 см
-1
,
SO
4
2−
– 1130,
NO
3
−
– 1380,
NH
4
+
– 3300 см
-1
және
т.б. екені белгілі. Осыған байланысты минералдардың инфрақызыл
спектрлерінен химиялық құрамы туралы бағалы ақпарат алады.
Сапалық талдау мақсатында электронды жұтылу спектрлері
тербелмеліге қарағанда айтарлықтай сирек пайдаланылады, себе-
бі олар әдетте бір-біріне жиі беттесетін және толығымен немесе
бөлшекті қиылысатын кең жұтылу сызығының азғантай санымен
көрсетіледі. Алайда электронды
жұтылу спектрі бойынша, кейде
сапалық құрамының жеткілікті эффективті анализін жүргізуге
болады, мысалы, мұнай химиясында.
Достарыңызбен бөлісу: