Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет58/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Монохроматизаторлар 
Берілген толқын ұзындығы бар жарықты алу үшін арналған 
құралдар 
монохроматизаторлар
немесе 
монохроматорлар
деп 
аталады. Алайда «монохроматизатор» термині дұрысырақ, себебі 
монохроматор деп арнайы спектралды құралдарды атайды. Мо-
нохроматизаторларды құрастырғанда, әртүрлі оптикалық құбы-
лыстарды: жарықты жұтуды, интерференцияны, дисперсияны 
және т.б. пайдаланады. Монохроматизатор ретінде жарық филь-
трлер, призмалар мен дифракциялық торлар қолданылатын құ-
ралдар абсорбциялық спектроскопия тәжірибесінде өте көп та-
ралған.
Жарық фильтрлерінің бірнеше типі белгілі. Жарықты моно-
хроматизациялау үшін пайдаланатын оптикалық құбылыстың 
түріне байланысты абсорбциялық, интерференциялық немесе ин-
терференциялы-поляризациялық жарық фильтрлерін құрасты-
рады.
Абсорбциялық жарық фильтрлерінің жұмыс істеуі, жұқа қа-
бат арқылы жарық өткен кезде, жұтылу әсерінен өтетін жарық 
ағынының спектралды құрамы мен шамасының өзгеруі жүреді. 
Абсорбциялық жарық фильтрлерінде азғантай мөлдірлік (Т = 0,1) 
және жеткілікті өткізу ағынына (Δλ = 30 нм және одан жоғары) 
ие. Интерференциялық жарық фильтрлерінің сипаттамалары ай-
тарлықтай жақсы. Жарық фильтрі арасында диэлектрлік қабаты 
орналасқан екі жұқа жартылай мөлдір күміс қабатынан тұрады. 
Жарық интерференциясының нәтижесінде өтетін шоғырда тол-
қын ұзындығы диэлектрлік қабаттың екі еселенген қабатына тең 
сәулелер қалады. Интерференциялық жарық фильтрлерінің мөл-
дірлігі: Т = 0,30,8. Өткізудің эффективті ені әдетте 5-10 нм аспай-
ды. Өткізу сызығын қысу үшін кейде екі тізбектелген интерфе-
ренциялық жарық фильтрінің жүйесін пайдаланады.
Ең әмбебап монохроматизаторлар кварцтан, шыныдан және 
кейбір басқа материалдардан жасалған призмалар және дифрак-
циялық торлар болып табылады. Инфрақызыл спектроскопия 
үшін LiF, NaCl, KBr және басқа да сілтілік жер металдарының 
галогенидтерінен призмалар қолданылады. Осы материалдарды 
кюветаларды дайындау үшін пайдаланады. Призмалар мен ди-
фракциялық торлар толқын ұзындығының кең аумағында жоғары 


103 
монохроматикалық жарық алуға мүмкіндік береді. Қазіргі заман-
ғы көптеген спектрофотометрлердің конструкциясында моно-
хроматор ретінде дифракциялық торлар пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет