131
көлемді сынамаларды қолдану мүмкін болды, вакуумды ультра-
күлгін есебінен өлшемнің спектралды интервалы кеңейді. Элек-
тротермиялық атомизаторлардың басқа да кострукциялары бел-
гілі.
Монохроматизаторлар ретінде призмалар немесе дифрак-
циялық торлар қолданылады. Жарық қабылдағыш ретінде фото-
элементтер немесе фотокүшейткіштер пайдаланылады.
Атомды-абсорбциялық спектроскопияға арналған комплекті
құрылғылар көптеген елдерде шығарылады. Қазіргі кезде осын-
дай спектрофотометрдің 50-ден астам модельдері белгілі.
Біздің елде жалпы атауы «Спектр» деп аталатын («Спектр-5»
және «Спектр-5-1» соңғы модельдері) жалынды спектро-
фотометрлер шығарылады. Жетілдірілгені КАС-120 құрылғысы
болып табылады. Оның құрамына спектрофотометр және өлшем
шарттарын оптимизациялауға мүмкіндік беретін бағдарлама
топтамасы бар компьютер кіреді.
Атомды-абсорбциялық әдістерде талдау нәтижесі, ең алды-
мен, температурамен белгілі шектерде салыстырмалы аз өзгере-
тін қозбаған атомдар санына байланысты болады. Бұл анали-
тикалық сигналға сынама компоненттерінің өзара әсерінің эф-
фектілерін төмендетеді. Эмиссиялық спектроскопияда анализ
нәтижелері үлесі аз және температураның аз тербелісіне айтар-
лықтай тәуелді қозған атомдар санымен анықталады. Сондықтан
қозу көзінің жұмыс шарттарының тұрақтылық талаптары эмис-
сиялық спектроскопияда бірінші орында тұрса, атомды-абсорб-
циялық спектроскопияда айтарлықтай маңызы жоқ, бірақ, әрине,
шарт тұрақтылығы қажет.
Атомды-абсорбциялық спектроскопияда әртүрлі элемент
сызықтарын салу мүмкіндігі мүлдем жоқ, себебі атомды-абсорб-
циялық талдауда эмиссиялық спектроскопияға қарағанда спектр-
дегі сызықтар саны айтарлықтай аз.
Достарыңызбен бөлісу: