Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет79/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

3.13-сурет
Стандартты қоспа әдісімен 
концентрацияларды анықтауға 
арналған градуирлі график 


136 
Атомды-абсорбциялық спектралды талдау өзінің көптеген 
артықшылықтарына байланысты практикада кеңінен таралған. 
Аналитикалық сигналы температуралық тербелістер кезінде са-
лыстырмалы түрде аз өзгеретін қозбаған атомдардың санына 
тәуелді болғандықтан, жұтқыш плазманы алу жағдайына тлаптар 
эмиссионды спектроскопияға қарағанда аса қатал еместігі – 
атомды-абсорбционды әдістің маңызды артықшылығы. Сонымен 
қатар атомды-абсорбционды талдау кезінде спектрде сызықтар 
саны аз болады, сондықтан аналитикалық сызықтардың бірігуі 
болмайды, алайда селективсіз жұтылу өзекті болып қалуда. 
Электрохимиялық атомдау кезінде атомды-абсорбциялық анализ 
көмегімен анықтау шегі 10
-5
(Ca, Cs, Ag, Mn және т.б.) немесе
10
-6
(Be, Zn, Mg, Si және т.б.) (мкг/мл) шамасын құрайды. Жа-
лынды иондау кезінде ол көптеген элементтер үшін 2-3 есеге (Ag, 
Cd, Zn, Cu, Fe, Ni және т.б.) және одан жоғары (Al, Pb, Ba, Ti, V 
және т.б.) өседі. Анықтау қателігі әдетте шамамен 5 %-ға және 
әртүрлі жағдайларға байланысты 3-тен 10 %-ға дейін өзгереді.
Сонымен қатар әдіс бірқатар шектеулерге ие. Атомды-абсорб-
циялық әдіспен резонансты сызықтары алыс ультракүлгінде жатқан 
элементтер (көміртегі, фосфор, галогендер және т.б.) анықталмайды. 
Ерітіндіні еріту қажеттілігін де кемшілік ретінде қарауға болады, 
себебі бұл талдауды ұзартады. Алайда ерітінділермен жұмыс істеу 
эталондауды оңайлатады және нәтижелердің жоғары қайталаным-
дылығын қамтамасыз етеді. Әдістің айтарлықтай кемшілігіне барлық 
алдыңғы сілтемелерде айтылғанымен бір мезгілде бірнеше элементті 
анықтай алмауы жатады. Сонымен қатар атомды-абсорбционды 
спектроскопияны аналитикалық қолданылумен қатар, осциллятор 
күшін, диффузия коэффициенттерін, қаныққан бу қысымын және т.б. 
анықтау үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет