Потенциометрлік анализ


Атомды-абсорбциялық талдауға арналған



Pdf көрінісі
бет76/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Атомды-абсорбциялық талдауға арналған 
құрылғылардың негізгі түйіндері 
Атомды-абсорбциялық спектроскопия қондырғысының прин-
ципиалды сызбанұсқасы 
3.12-суретте 
келтірілген.
Сәулелену көзі құрамында анықталатын элемент қуыс като-
ды бар шам болып табылады. Мұндай шамның катодын металл 
стақан түрінде жасайды, онда заттың булануы және төмен 
қысымда (~10
2
Па) инертті газ атмосферасында электрлік разряд 
кезінде элемент атомдарының қозуы болады. Балқу температу-
расы салыстырмалы төмен элементтерден жасалған катодтар 
оңай бұзылады. Мұндай элементтерді анықтау үшін анықталатын 
элементтердің тұздарымен сіңірілген графитті катодтар қолда-
нылады. Анодты металдық өзек ретінде катодтың қасына орна-
лыстырады және екі электродты шыны немесе кварц терезесі бар 
шыны баллонға орналыстырады. Шам пайыздың жүздік үлесінен 
аспайтын тербелістері бар 500-600 В кернеу беретін жоғары дәл-
дікті түзеткіш-стабилизатордан алынатын токпен қоректенеді.
Катодтың ішкі бетінде орналасқан катод және басқа да заттар 
материалының булары катодты шашырау, сондай-ақ 200-300 В 
және 5-30 мА кезіндегі разряд үрдісіндегі булану салдарынан 
плазмаға түседі. Қуыс катодта шамамен 800 К температурада 
жарықтану спектрінде осы элементтердің резонансты жиіліктері 
байқалады. Аса жоғары жиілікті қозған шамдар (АЖЖ – шамдар) 
күшән, сүрме, висмут, қорғасын және кейбір басқа элементтерді 
анықтау үшін де қолданылады. Талданатын зат ерітінді түрінде 


130 
оттық жалынына беріледі, мұнда 2000-3000 
°
С кезінде еріткіштің 
булануы және сынаманың автомизациясы болады.
Сәулелену интенсивтілігінің төмендеуі жарық жұтатын қа-
баттың қалыңдығына пропорционалды болғандықтан, оттықтың 
жалынын жұтатын қабатының тұрақты және жеткілікті үлкен 
ұзындығын (5-10 см) қамтамасыз ететін арнайы конструкциясы 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет