Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет93/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 


162 
4.3. Ионалмасу хроматографиясы 
 
 
4.3.1. Әдістің жалпы сипаттамасы мен 
іс жүзінде қолданылуы 
Хроматография
– құрамы жағынан күрделі газ тәрізді және 
сұйық қоспаларды талдаудың және ажыратудың тиімді әдісі. 
Қатты денелер оларды сұйық немесе газ тәрізді күйге ауыс-
тырғаннан кейін ғана талдана алады. Сапалық және сандық 
талдау тұрақты күйде ұстау сипаттамасы бойынша жүргізіледі. 
Компоненттердің масс-спектралды және басқа да сәйкес әдіспен 
талдауды, сондай-ақ хроматографиялық бөлуді біріктіру кезінде 
ғана газды және газсұйықты хроматографияның әмбебаптығы 
артады. Химиялық қасиеттері жағынан жақын заттарды, мысалы, 
амин қышқылдарын ажырату жағдайында сұйықты хроматогра-
фия ерекше тиімді болып табылады. 
Органикалық және биохимиялық талдауда қағазды хрома-
тография үлкен маңызға ие, ол − жоғары сезімталдығымен ерек-
шеленетін хроматографиялық әдістің қарапайым нұсқасы. Көр-
некті нәтижені жіңішке қабатты хроматография береді, ол дәрі-
лерді және басқа да табиғи объектілерді талдауда өз қолданысын 
тапқан. Ионалмасу хроматографиясы иондардың күрделі қоспа-
ларын ажыратуда және микроқосылыстарды концентрациялауда 
маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар бүгінгі таңда жаңа 
хроматографиялық әдістер дамып келеді, мысалы, жоғары тиім-
ділікті сұйық ионды хроматография.
Ионалмасу хроматографиясы ерітіндідегі және ионалма-
сушының құрамына кіретін иондардың қайтымды стехиометрия-
лық алмасу процесіне негізделген. Бұл құбылыс қазіргі таңда ион 
алмасу деген атаумен қолданғанымен, негізінде ол XIX ғасырдың 
ортасынан бері белгілі. Ионалмасу үдерістерінің кеңінен практи-
када қолданылуы ионалмасушы шайырлар немесе иониттер деп 
аталатын синтетикалық ион алмасушылардың пайда болу кезінен 
бастау алады. Бұрын пайдаланылған қарапайым ионалмасушы-
лар (әртүрлі алюмосиликаттар және басқа да қосылыстар) қасиет-
терін қайта көрсету қабілетіне ие болған жоқ және химиялық 


163 
тұрақсыз болды, сондықтан практикада шынайы қолданыс таба 
алған жоқ. 
Бүгінгі таңда қолданыстағы синтетикалық ионалмасушылар 
қарапайым ионалмасушыларға тән кемшіліктерден айырылған 
және көптеген мынадай маңызды артықшылықтарға ие: жоғарғы 
алмасу сыйымдылығы, ионалмасуды қайта көрсету және басқа да 
қасиеттер, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты, көптеген 
тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың қатысында 
бұзылмайды, т.б. Әдетте синтетикалық ионалмасушы жоғары 
полимер болып табылады, мысалы, шайырлардың маңызды 
қасиеттерін айқындайтын әртүрлі функционалдық топтардан 
құралған тармақталып тігілген полистирол. Сонымен қатар син-
тетикалық бейорганикалық иониттер де белгілі, мысалы, әртүрлі 
пермутиттер, алюминийдің активті оксиді, темір мен цирконий-
дің қосылыстарына негізделген гельдер. Дегенмен органикалық 
ионалмасушы шайырлардың практикалық қолдану аясы өте кең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет