Потенциометрлік анализ


Газды хроматографиядағы сапалық талдау



Pdf көрінісі
бет90/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Газды хроматографиядағы сапалық талдау 
 
Қоспаның хроматографиялық колонкасына бөлінген сапалық 
анализді компоненттердің ұстап тұру сипаттамалары және ана-
литикалық тәсілдер бойынша (инфрақызыл спектроскопия, масс 
спектроскопия және т.б. арқылы) жүзеге асыруға болады. 
Қосылыстарды ұстап тұру сипаттамаларына байланысты 
идентификациялау салыстырмалы тәсілдерге негізделген: мысал-
ға талданатын қосылыстардың ұстап тұру уақытын сол шарттар-
дағы таза заттардың ұстап тұру шамаларымен салыстырады (тест 
тәсілі). Ұстап тұру шамаларының сәйкес келуі тесттер мен үлгі 
компоненттері бірлігі бірдейлігінің белгісі. Колонкада басқа бір 
адсорбциялайтын затпен қайта талдау, ұстап тұру шамалары сәй-
кес келгендегі олардың бірдейлігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. 
Талданатын қоспа компоненттерін идентификациялаудың басқа 
да сандық тәсілдері бар. Негізінен Ковачпен енгізілген ұстап тұру 
индекстері кеңінен қолданылады. Кез келген компоненттің ұстап 
тұру индексі
Igτ`
R,t
– Igτ`
R,Z
I = 100
+100 · Z 
Igτ
R(Z+1)
– Igτ`
R,Z
формуласы бойынша есептеледі. Мұндағы τ`
R,Z
және τ`
R(Z+1)
– 
алкандардың ұстап тұру уақыты, Z көміртек атомдарының саны 
бар олардың біреуі колонкадан зерттелетін қосылысқа дейін 
элюирленеді (шығады), ал Z+1 көміртек атомдарының саны бар 
келесі зерттелетін қосылыстан кейін шығады; τ`
R,I
– зерттелетін 
қосылыстың ұстап тұру уақыты. 
Ұстап тұру индекстері қозғалмайтын сұйық фаза қасиетте-
ріне және температураға тәуелді, сондықтан олардың қандай 
температура және қандай сұйық фазада анықталғаны әр уақытта 
көрсетіледі. 
Әртүрлі қосылыстардың ұстап тұру индекстері анықтамалық 
әдебиеттерде беріледі, мысалы, А.Н. Королдың анықтамасы. 
Алынған ұстап тұру индекстерін анықтамада берілген ша-
малармен салыстыру арқылы талданатын үлгінің компоненттерін 


159 
идентификациялауға болады. Егер кестелік мағлұматтар зерт-
теліп отырған қосылыстың ұстап тұру индексімен ондық бөлігіне 
дейін дәл сәйкес келсе, жоғары тиімділгі бар колонкалар үшін 
идентификация сенімді болып есептелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет