164
Сульфокатиониттер жоғары химиялық тұрақтылығы және меха-
никалық беріктігімен, ионалмасу тепе-теңдігін орнатудың үлкен
жылдамдығымен сипатталады.
Аниондардың функционалдық топтарының каркасы төрттік
– NR
3
+
, үштік – NH
2
Н
+
немесе бірлік –NH
3
+
аммонийлік,
перидиндік немесе басқа негіздер болып табылады, ал қозғал-
малы қарсы иондар ретінде аниондар пайдаланылады. Анионал-
масу шайырлары әртүрлі амин қосылыстарын (финилендиамин,
полиэтиленполиамин, т.с.с.), формальдегидті
және тағы басқа-
ларды пайдалану негізінде поликонденсация және полимери-
зация реакцияларын жүргізу жолымен алынады. Осылай АН-1,
AH-2Ф, амберлит аниониттері алынды. Кең қолданысқа поли-
функционалдық анионит – ЭДЭ-10П
аниониті ие болды, оның
құрамында төрттік аминдермен қоса, әртүрлі орын басу дәреже-
сіндегі аминдер бар. Амфотерлі иониттер немесе амфолиттер бір
уақытта катиондар мен аниондардың алмасу процесін орындауға
қабілетті. Биполярлық немесе амфотерлік ионит диэтилтриамин,
фенол және формальдегидті поликонденсациялау өнімі болып
табылады, себебі оның
құрамына аминотоптармен қатар, әлсіз
қышқылды фенолды топтар да кіреді. Амфотерлік және комплекс
құраушы қасиеттерге құрамында комплексондардың қалдықтары
бар шайырлар ие, мысалы, ЭДТА.
Алмасу сыйымдылығы – ионалмасушының маңызды сипат-
тамасы, ол алғашқы жақындауда каркастың функционалдық топ-
тарының санымен және олардың берілген ерітіндінің рН мәнінде
иондану дәрежесімен анықталады. Иониттің алмасу сыйымдылы-
ғын сандық түрде қарсы ионның эквивалентінің моль мөлшерін
шайырдың көлем және масса бірлігіне
қатынасымен көрсетуге
болады. Әдетте аналитикалық химияда ионит сыйымдылығын
алмасушы ион эквивалентінің моль санын катионит үшін 1 грамм
құрғақ шайырдың Н
+ –
формасына және анионит үшін Cl
− –
неме-
се ОН
− –
формасына қатынасымен анықтайды.
Статистикалық
алмасу сыйымдылығы
(с.а.с) деп қанықтырғыш ионның жеткілік-
ті концентрациялық ерітіндісіне шайырдың өлшеніп алынған
мөлшерін салып және оны толық қаныққанша сілкіп ұстап тұру
арқылы статистикалық жағдайда алынған сыйымдылықты атай-
ды
. Динамикалық алмасу
сыйымдылығы
(д.а.с.) деп динамикалық
165
жағдайда, яғни қанықтырғыш ерітіндіні иониттік колонка арқы-
лы өткізу негізінде табылған сыйымдылық мөлшерін атайды.
Иониттің бұл сыйымдылығы бөлініп жатқан ерітіндіде қанықтыр-
ғыш ионның алғашқы (секіріп түскенге дейін)
пайда болуымен
анықталады. Толық динамикалық алмасу сыйымдылығы (д.а.с.)
иониттің берілген ионмен толық қанығуы арқылы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: