Эмбриология


 — екінші реттік — айрықша түйіршіктер



Pdf көрінісі
бет108/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

4 — екінші реттік — айрықша түйіршіктер
бұршак тәріздес бола бастайды, түсі күңгірттене түсіп, хроматин түйірлері 
іріленеді, ядрошыктар жойылып кетеді.
Мұндай жасушалар енді бөлінбейді. Бүлар 
метамиелоциттер
(metamye-
locytus)
(7.19-суретті караңыз). Цитоплазмада айрыкша түйірлердің саны 
артады. Егер метамиелоциттер шеткері канның кұрамында кездесетін бол- 
са, оларды жасушалардын 
жас турлеріне
жаткызады. Дамудың барысында 
олардың ядросының пішіні иіле түскен таякшаға ұксай береді. Жасушаның 
мұндай түрлері 
таяқша-ядролы гранулоңиттер
деп аталады. Содан кейін ядро 
сегменттерге бөлініп, жасуша 
сегментті-ядролы нейтрофилді гранулоцитке
ай- 
налады. Нейтрофилді гранулоциттің толык даму кезеңі 14 тәулікке тең, және 
де пролиферация кезеңі 7,5 тәулік шамасында, ал митоздан кейінгі диффе- 
ренцировка кезені 6,5 тәуліктей болады.
Эозинофилді (ацидофилді) миелоциттер
(7.15-суретті 
караңыз) 
кан 
жұғынында диаметрі 14—16 мкм шамасында болатын дөңгелекше келген жа­
сушалар. Ядросының күрылысынын сипаты бойынша олардың нейтрофилді 
миелоциттерден айырмашылыктары аз болады. Олардың цитоплазмасын


7.4. Қанжасам (гемопоэз)
183
айрыкша эозинофилді түйіршіктер толык коныстанған. Жетілу барысын- 
да миелоциттер митоз аркылы бөлінеді, ал ядро таға пішіндес болып келеді. 
Мұндай жасушаларды 
ацидофилді метамиелоциттер
деп атайды. Ядроның 
ортасы біргіндеп жұкарады да, ядро екі бөлікті (екі сегментті) болып, цито- 
плазмада айрыкша түйіршіктердің саны көбейеді. Жасуша бөліну кабілетінен 
айырылады.
Жетілген жасушалардың ішінде 
таяқиіа-ядролы
және екі бөлікті ядросы 
бар 
сегментті-ядролы эозинофилді гранулоциттерді
ажыратады.
Базофилді миелоциттер
(7.15-суретті караныз) нейтрофилді немесе эози- 
нофилді миелоциттерден гөрі аздау кездеседі. Көлемдері шамамен эозино- 
филді миелоциттердікіндей болады, ядросы дөнгелекше, ядрошыктары жок, 
хроматині босан орналаскан. Базофилді миелоциттердің цитоплазмасында 
болатын және суда оңай еріп кететін, азурмен бояғанда метахромазиялык 
касиеттанытатын, көлемдері әр түрлі айрыкша базофилді түйірлердің мөлшері 
кенінен ауыткиды. Жетілген сайын базофилді миелоцит 
базофилдіметамиело-
ңитке,
содан кейін толык жетілген 
базофилді гранулоңитке
айналады.
Барлык миелоциттер, әсіресе нейтрофилділер, фагоциттеуге кабілетті, ал 
метамиелоциттен бастап козғалғыштығы да пайда болады.
Ересек организмде лейкоциттердің кажетті мөлшері миелоциттердің 
көбеюінің аркасында камтамасыз етіледі. Мысалы, кансыраған кезде мие­
лоциттер миелобласттардан дами бастайды, ал кейінгілер унипотентті және 
полипотентті КДЖ түзеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет