5.2. Тіндердің дамуы (эмбрионалдық гистогенез)
117
орын ауыстырған жасушалардын көбі жеткілікті детерминацияланған түрде
келеді.
Мезенхиманың кұрамында промиобласттардың және миобласттардың
(сомиттерден бөлінген), меланоциттердің ізашарларының және бүйрек үсті
бездерінін милык затының жасушаларының, АПУД-жүйесі жасушаларының
(жүйке айдаршасынын сегменттерінеп бөлінген), эндотелийдің ізашар
жасушаларының (спланхнотомдардан бөлінген болуы керек) және т.б.
орын ауыстыруы жүреді. Жасушалар орын ауыстыра
және бір-бірімен тіке
байланыска немесе химиялык аракатынаска ене отырып, өздерінін детерми-
нациясын талдап тәптіштей алады деп жорамалдауға болады.
Кандай жағдай болса да, мезенхима тұтас эмбрионалдык бастама деп
санауға келмейді. Эпигеномды түсінік шеңберінде
оны гетерогенді кұрылым
ретінде карастыру кажет. Морфологиялык белгілері түрғысынан мезенхима
жасушалары ұксас болғанымен, эпигеномдык мағынада түрсіз де, бірдей де
емес. Мезенхима жасушалары көптеген тіндердің даму көзі болғандықтан, оны
плюри- немесе полипотентті бастама деп атайды. Мүндай түсінік
бастамалар
туралы, олар коммитацияланудын едәуір дәрежесіне жеткен жасушалардын
топтамалары, деген көзкарасқа карама-карсы келеді. Мезенхиманы тұтас
бірегей бастама деп мойындау оны келесі: каңқалык, бұлшык ет, кан, бүйрек
үсті бездерінің милык затының безді эпителийі және т.б.
тіндермен бір топка
жаткызуды білдірер еді.
Жоғарыда айтылғандай, кандай тін болса да гистогенетикалыктипіне және
касиеттеріне сипаттама беру үшін оның ұрык жапыракшаларынан дамуы ту
ралы ғана айту жеткілікті емес. Сол сиякты кандай тін болса да мезенхима-
дан дамиды деген жорамалдың маңызы аз. Мезенхима жасушаларының орын
ауыстырғаннан кейінгі тағдыры — нактылы мүшелердің кұрамында нактылы
тіндердің жасушаларына дифференциялану. Осыдан кейін ол бұрынғы мезен
хима түрінде жоғалады. Сондыктан, мезенхималык резерв туралы концепци-
ялар дүрыс емес. Дефинитивті тіндердің
кұрамында не бағаналы, не ізашар
жасушалар калуы мүмкін, бірак, олар енді детерминацияланған гистиотиптік
касиеттері бар жасушалар.
Достарыңызбен бөлісу: