140
6-Тарау. Эпителий тіндері
сатыларына орай өзгеріп отырады. Кейбір гландулоциттердін цитоплазма-
сында (мысалы, асказанда туз кышкылын түзуге катысатын жасушалар-
да) жасуша ішілік секреторлык түтікшелер аныкталады — микробүрлермен
капталған плазмолемманың терең ойыстанулары. Жасушалардың латеральды,
базальды және апикальды беттерінде плазмолемма күрылысы әр түрлі бола-
ды. Алғашкыларында ол десмосомалар мен тығыз байланыстарды күрайды.
Соңғылары жасушалардың үштарын коршап (апикальды), жасуша аралык
саңылауларды бездің куысынан бөледі. Жасушалардың
базальды беттерінде
плазмолемма цитоплазмаға ене орналаскан, аздаған мөлшерде жінішке
катпарларды кұрайды. Мұндай катпарлар түздарға бай өнім бөлетін бездердін
жасушаларында мысалы, сілекей бездерінің шығару өзектерінің жасуша-
ларында жаксы дамыған. Жасушалардың апикальды беті микробүрлермен
капталған.
Безді жасушаларда полярлы дифференцировка анык байкалады. Ол
секреторлык үдерістердіп бағытталуына байланысты, мысалы, экзокринді се-
крециялауда жасушаның базальды бөлімі жағынан апикальды бөліміне карай.
Безді жасушанын өнімнің түзілуіне, жинакталуына,
бөлінуіне және
калпына келуіне байланысты сатылык өзгерістері
секреторлык цикл
деп ата-
лады.
Өнімнің түзілуі үшін безді жасушаларға базальды бөлімдері аркылы кан мен
лимфадан әр түрлі бейорганикалык косындылар, су және төменмолекулярлы
органикалык заттар: амин кышкылдары, моносахаридтер, май кышкылдары
және т.б. өтеді. Кейде пиноцитоз жолымен жасушаға органикалык заттардын
ірі
молекулалары кіреді, мысалы, нәруыздар. Бүл заттардан эндоплазмалык
торда өнімдер түзіледі. Олар эндоплазмалык тор аркылы Гольджи кешеніне
орын ауыстырады, ол жерде жинакталып, химиялык өндеуге ұшырайды жэне
секреторлык түйіршіктер түрінде түзіліп, эпителиоциттерден бөлініп шығады.
Эпителиоциттерде секреторлык өнімнін орын ауыстыруы мен бөлінуінде
цитоканка элементтері — микротүтікшелердің және микрофиламенттердін
маңызы зор.
Бірак, секреторлык циклдың сатыларға бөлінуі шартты түрде ғана,
өйткені олар бір-біріне кабаттасады. Мысалы, секреттің түзілуі
мен бөлінуі
үздіксіз өткенімен, оның каркындылығы бірде күшейіп, бірде баяулауы
мүмкін. Секреттін бөлінуі (экструзия) әр түрлі болуы мүмкін: түйіршіктер
түрінде немесе түйіршіктер калыптаспай диффузия жолымен немесе
цитоплазманың түтас секреттің массасына айналуы аркылы. Мысалы, ұйкы
безінің секреторлык жасушаларына белсендіруші ыкпал жағдайында барлык
секреторлык түйіршіктер тез сыртка бөлінеді, ал 2 сағаттан кейін жасушалар
да өнім түйіршіктердің калыптасуынсыз түзіледі және диффузия жолымен
бөлінеді.
Әр түрлі бездерде секреттің бөліну механизмі бірдей емес, соған байла
нысты секрецияның үш түрін ажыратады: мерокринді (эккринді), апокринді
және голокринді (6.9-сурет).
Секрецияның
мерокринді түрінде
безді жасуша-
лар толығымен өз күрылысын сактайды (мысалы, сілекей бездерінін жасуша-
лары). Секрецияның
апокринді түрінде
безді жасушалар жартылай бүзылады