секілді күрделі құрылыстардың қас бетіне алып пилондар мен мұнаралар салу
дәстүрі де осы уақытқа тән. Алтынтөбеден табылған заттардың кешені ыдыс
жасау, металл өңдеу, көлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде елеулі
ілгерлеудің болғанын білдіреді. Арнайы шарықта жасалған жұқа қабырғалы
ыдыстар сапалы күйдірілген.
Алып шоттар, бір жағы жүзделген пышақтар,
ұңғысы қуыс жебенің ұштары, қола орақтар мен әшекей заттары, қола және
күмістен жасалған мөрлер секілді сан түрлі қола бұйымдар кездеседі.
Осы мәдениеттерді жергілікті энеолиттік дәстүрде қалыптасқан суғармалы
егіншілік пен жайлаулы малшылық қалыптасқан өркениеттің шығыстық үлгісі
деп айтуға келеді.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықта егіншіліктің Орта Азиядағы алғашқы дәстүрлі
орталығы
құлдырап, оның, есесіне басқа аудандарда уранистік мәдениеттер
қалыптасады. Мургап пен әмударияның төменгі ағысындағы егіншілік дамыған
мекендер оазистері алға шықты. Егіншілік аймақтардың орталықтары болған
мекендер 5 гектардан жоғары аумақты қамтыды. Алғашқы қалалар үлгісіне
жататын Келлели мекенжайы-сондай орталықтардың бірі. Әмударияның
ортаңғы ағысында, Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан жерлерінде алғашқы
қалалық үлгіде салынған егіншілік мекендері б.з.д. ІІ мыңжылдықта орын тепті.
Өзендердің сағаларында орналасқан осындай мекендердің тұрғындары арпа,
бидай, тары егіп, жүзім өсіргендігі белгілі болды. Солардың бірі – Саппали
мекенжайы. Өлшемі 82х82 метрлік бекініс мекенжайдың негізін құрайды. Оның
ортасында тұрғын үйлер мен шаруашылық
құрылыстары қоршаған сарай
орналасқан. Саппали мәдениетінің тағы бір мекенжайы – Жаркутан
әмударияның оң жағалауында. Оның аумағы 100 га, цитаделі 4 га жерді алып
жатыр. Мекеннің зираты да жақын орналасқан. Ыдыстардың сыртына салынған
белгілер мен жерлеулердің әлеуметтік топқа бөлінуі секілді қазба кезінде
анықталған мәліметтер өндірістің маманданған сипатқа бет алғандығын
аңғартады. Шамасы Жаркутан үлкен егіншілік аймақтың орталығы болған.
Арал теңiзi маңында, Хорезм жерінде неолиттiк
кельтиминар мәдениетiнiң
орнына б.з.д. ІІ – мыңжылдықтың басында оңтүстiк аудандардан
суярган
тайпалары ауысып келдi. Мәдениеттің негізгі мекендері – Жамбас 6, Кокча 2,
Базар 2, т.б. Олардың қыш ыдыстары Анау мәдениетi мен ирандыкiне өте
жақын. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында суяргандықтар тазабагъяб мәдениеті
өкілдерімен араласып кетеді. Олардың түбі тегіс болып келетін ыдыстары өте
сапалы жасалған. Қоладан жасалған заттардан бір жағы жүзделген пышақтар
мен жебенің ұштары көп кездеседі. Суяргандықтардың шаруашылығы
мәдениеттiң соңғы кезеңiне қарай суғармалы дәстүрге
ұласқан егiншiлiк пен
бақташылық болды.
Андрондық мәдениеттiң жергiлiктi нұсқасы саналатын Орта Азиялық
Достарыңызбен бөлісу: