Таралу аймағы мен өзiндiк ерекше белгiлерiне қарай Қазақстан жерiндегi
андрон мәдениетi үш кезеңге бөлiнедi: ерте кезең – б.з.д. 17 – 16-ғасырлардағы
петров мәдениетi; орта кезең – б.з.д. 15 – 12-ғасырлардағы алакөл, атасу,
Федоров, Нұра мәдениеттерi; соңғы кезең – б.з.д. 11 – 9-ғасырлардағы алексеев,
замараев, сарығары, беғазы-дәндiбай мәдениеттерi. Қола дәуірінің соңғы кезінде
Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар Оңтүстік Урал (замараев
мәдениеті), Алтай мен Енисейдің (қарасұрық мәдениеті) туысқан тайпаларымен
өзара тығыз байланыста дамыған. Бір-бірінен шалғайда жатқан осы
аудандардың материалдық мәдениетін сипаттайтын керамикалық заттары, қола
қарулары, түрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының өзара жақын болуы
ежелгі тайпалардың мәдени және экономикалық байланысының тығыз
болғанын білдіреді.
Қазақстанның кейінгі қола ғасыры ескерткіштерінің ішінде елеулі орын
алатыны – Кент – мекенжайы. Қола ғасырының соңғы кезеңіне жататын Кент
мекенжайы б.з.д. 12 – 10-ғасырлары аралығымен мерзімделеді. Орталық
Қазақстандағы бұл қоныстың аумағы 150 000 шаршы метр. Кент пен Алат, Алат
І, Алат ІІ мекенжайларын Қызылкеніш өзені мен жіңішке арна бөліп жатыр.
Олардың бір мезгілде өмір сүргенін ескеріп, жалпы аумағын қосып есептегенде
300 000 шаршы метрді құрайды. Қоныстың тұрғындары егіншілік пен
бақташылыққа негізделген кешенді сипатта болған. Мекенжайды қазу кезінде
алынған заттай деректер Кент тұрғындарының Сарарқаның барлық тайпалары
секілді төрт түлік мал түрлерін (ірі – қара, ұсақ мал) қатар өсіріп, ақбөкен,
құлан, марал, қасқыр, қабан, бұғы, қарсақ, арқарлар мен ірі құстарды
аулағандығын көрсетеді. Табындағы жылқы мен қой үлесінің басымдығы
жылжымалы бақташылықтың үлесінің артқанын аңғартады. Бірнеше кішігірім
мекенжайлардан құралған шағын ауданның орталығы болған Кент өзінің
өлшемі, үй-жайларының саны мен бірқатар белгілері бойынша онда алғашқы
қаланың қалыптаса бастағандығын білдіреді. Кент тұрғындарының шалғайдағы
тайпалармен өзара қатынаста болғанын растайтын дәйектер табылды. Кентік
мекенжайлар мен олардың жерлеулерінен алынған керамикалық ыдыстар
ішінде Намазга VІ-ға жататын шарықта жасалған, қарасұрықтық және
түгіскендік үлгілер де кездеседі.
Б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында андрон
тайпаларының экономикалық тұрмысы мен мәдениетiнде айтарлықтай
өзгерiстер болды. Бұл өзгерiс қоғамның әуелi жайлауда, кейiннен көшiп жүрiп
мал өсiруге бейiмделген жаңа шаруашылыққа ауысуымен байланысты.
Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда, қола дәуiрiнiң соңғы
кезеңiнде (б.з.д. 12 – 8-ғғ.) шаруашылық пен мәдениеттегi андрондық
дәстүрлердiң орнына темiр ғасырына тән қоғамның жаңа экономикалық үлгiсi
мен материалдық мәдениеттiң прогрессивтi нысандары қалыптасты.
Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры мен оған жақын аймақтарда б.з.д. 2-
мыңжылдықтың соңында
Достарыңызбен бөлісу: