Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет15/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Салыстырмалы
тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. 
Расмус Раск өзінің 1818
жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты 
еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не 
екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан 
бірбіріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, 
бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының
белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені 
грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды 
деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір 
кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі
сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы
тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық
тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Якоб Гримм (1785-1863). 
Якоб Гримм Ганау қаласында 
туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург
университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология 
мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин 
университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі 
лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі 
грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи 
тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи 
тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да 
ілгері дамуына зор әсерін тигізді. 
Салыстырмалы - тарихи тіл 
біліміне қосқан үлесі. 
Якоб Гриммның төрт томнан тұратын 
«Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 
жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму 


– 
34 

Салғастырмалы тіл білімі
жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне 
салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен 
қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм өзінің еңбектерінде 
тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл 
бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық 
жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-
құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының 
табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді. Гримм тіл тарихының 
қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын 
зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Ф.Бопп 
еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалытарихи 
тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі 
ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы 
грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет