–
47
–
Есеналиева Жанар
болуы мүмкін. Әр тілде бір белгінің әртүрлі көрінуі де
кездесіп жатады. Мысалы,
мұрын жолды-ауыз жолды
компоненттік талдау белгісі орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде
тек дауыссыздарға тән болса, француз
және поляк тілдерінде
бұл белгі дауыстыларға да қатысты. Р.О.Якобсонның сөзі
бойынша: компоненттік талдау грамматикада да, лексикада
да қолданыла бастады: оларда семантикалық көбейткіштерге
бөлу (разложение на семантические множители)
тәсілі
қолданылады. Мысалы, туыстық терминдер:
әке, ана, ұл, қыз,
апа, аға
сөздері семантикалық көбейткіштерге талданады:
жыныс:
ер адам - әйел адам
; туысқандық:
тура-жанама
; ұр пақ:
үлкен-кіші
. Бұл талдау әдісі - тілдік бірліктердің мағыналық
жақтарын зерттеу тәсілі. Оның мақсаты – мағынаны ең кіші
семантикалық, грамматикалық бөлшектерге бөліп қарастыру.
Компоненттік талдау әдісі – лингвистикалық типологияның
ажырамас бір бөлігі болып табылады. Мұнда сөз - морфемдік,
сөйлем - мүшелік бөлшектерге талданады. Компонеттік талдау
бүтін элементтерінің парадигматикалық және синтагматикалық
қатарларының түйісуін, жеткізу
өрісі мен мазмұн өрісінің
өзара әрекетін анықтауды көздейді. Сөз мағынасын былай
талдау мазмұнның ең кіші бірлігі – семаны айқындайды.
Компоненттік талдау жасау сөз құрамындағы (түбір элемент,
деривациялық элемент, реляциялық элемент), сөз тіркесіндегі
(негізгі сыңар, қосалқы сыңар), сөйлемдегі (предикаттайтын
компонент, предикатталатын компонент) негізгі бөліктерінің
грамматикалық
көздерін анықтап, белгілейді.
Тілдің құрылымдық ерекшелігін зерттеуде қолданы латын
келесі әдіс –
Достарыңызбен бөлісу: