–
27
–
Есеналиева Жанар
одақтар, генетикалық жақындығының дәрежесіне қарамай, тілдік
құбылыстардың ортақтығын, салыстырмалы (контрастикалық)
лингвистика мен топологиялық лингвистиканы ескере отырып,
ареальдық лингвистика тілдердің конвергенциясы мен
сәйкессіздігін зерттейді.
Тілдерді салғастырмалы (контрастивті) зерттеудің мақсат-
міндеттері:
• Әр түрлі тілдердегі тілдік бірліктерді қолдануындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу;
• Тілдерді салғастырмалы зерттеу арқылы салғастырылып
отырған әрбір тілдің ол тілді жеке сипаттағанда көріне
бермейтін ерекше қасиетін анықтауға мүмкіндік туады.
Яғни, кез келген тілді басқа тілдерден ерекшелендіріп
тұратын айрықша белгісін айқындап, пайымдау.
• Керек емес интерференцияны алдын ала айқындауға
мүмкіндік беретін шет тілін оқытумен байланысты,
аударма теориясымен тығыз байланысты лингвис-
тикалық базаның негізін қалау.
• Универсалийлерді айқындау үшін типологияға материал
дайындау.
Салғастырмалы (контрастивтік) тіл білімінің
мақсаты
– тілдің барлық деңгейі бойынша екі кейде бірнеше
салғастыра отырып, ол тілдер арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды табу.
Салғастырмалы
Достарыңызбен бөлісу: