–
40
–
Салғастырмалы тіл білімі
Автор өз еңбегінде сөздердің мағынасын анықтау үстінде басқа
түркі тайпалары тілінде кездесетін мағыналық ауытқулар мен
дыбыстық өзгерістерді салыстыра келіп, оларға шолу жасайды.
Сондықтан М.Қашқариды түркологияда бірінші болып
салыстыру әдісін қолданған ғалым деп айтуға құқымыз бар.
«Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») -
Махмут Қашқаридың 1072-1074 жылдары жасалған күрделі және
жан-жақты лингвистикалық жұмыс. Сөздік 1074 жылы Иракта
араб тілінде шықты. Бұл жұмыстан мұсылман Шығысында орта
ғасырларда айтарлықтай дәрежеде өркендеген араб ғылымының
жетістіктері көрінеді. Жұмыста тіл білімінде бұрын-соңды
зерттеу нысан ретінде болмаған ислам ғұламаларының
зерттеулері жаңа материалдармен қайта түсіндірілді, қоршаған
ортадағы адамның орны туралы мәселені, тіл білімінің кейбір
мәселелері айқын көрініс тапты.
Бұл туралы Қашғари өзінің еңбегінде былай деп жазады:
«Мен сипаттаманы жеңілдету және қысқарту үшін көрсетілген
әдісті таңдадым, және бұл бұрын болмаған және ол туралы
білмеген».
Қашқари еңбегінің басты құндылығы - лингвистикалық
және ареалдық әдіске негізделген ортағасырлық түркі
тайпаларының тілдері салыстырылды, алғашқы түркі тілдес
әлемнің картасы жасалды, түркі тайпаларының лингвистикалық
және географиялық шекаралары, тілдік байланыстардың
ерекшеліктері қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: