–
46
–
Салғастырмалы тіл білімі
ортақ, жалпылық сипаты бар нысандарды салғастырады.
Мұндай нысан фонология саласында да,
семантикалық,
грамматикалық салаларында да болады. Салғастыру арқылы
тілдердің осы аталған жүйелеріндегі жалпылық мәні бар
нысандарды бір-біріне салғастыра
қарау арқылы олардың
арасындағы ұқсастықтар мен өзгешіліктерді ашады. Мысалға
фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл,
ызың болып бөлінуі, болмаса
морфемалардың лексикалық,
грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. тілдердің барлығына
немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілерді алуға болады.
Салғастырмалы зерттеуде осылар сияқты универсалды тұлғалар
салыстырылады.
Типологиялық-салғастырмалы
әдістің тіл білімінде
қолданыла бастағанына біраз уақыт өткенімен, ол туралы әр
елдің көрнекті лингвистерінің көпшілігі
пікір айтқандарымен
бұл мәселе күні бүгінге дейін өз шешімін тапқан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: