Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Қашқари жылы» деп жариялаған  болатын. 2.3. Тілдерді салыстыру-салғастырудың әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет21/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Қашқари
жылы» деп жариялаған 
болатын.
2.3. Тілдерді салыстыру-салғастырудың әдіс-тәсілдері
Адамзат танымының әр саласы өз зерттеуіне ерекше 
мән беруді талап етеді. Тіл білімі ғылымы да өзінің тарихи 
даму барысында әртүрлі зерттеу тәсілдеріне икемделді. 
«Әдіс» сөзі гректің «methodos» - зерттеу жолы, таным тәсілі 
деген мағынаны білдіреді. Ол екі мағынада қолданылады:
1) кең мағынада - философиялық кез-келген құбылысты танып, 
оған түсінік беру. Ол әрқашан белгілі бір ғылыми таныммен 
тығыз байланысты; 2) тар мағынада - белгілі бір нысанды 
тікелей зерттеуге бағытталған зерттеу жолы мен зерттеу жүйесі.
Философиялық әдіс ғылыми танымға қарағанда кең, 
ауқымды. Материалдық әлем заңдылықтарын тереңірек 
түсіндіретін табиғат та, қоғам да, адам да философиялық 
әдістің құрылымына кіреді. Алайда, нақты таным - белгілі бір 
әдісті қолдануды талап етеді. Тіл біліміндегі әдіс – жеке зерттеу 


– 
45 

Есеналиева Жанар
тапсырмаларына негізделген, лингвистикалық зерттеуде 
қолданылатын, ортақ мақсатқа ие тәсілдер жиынтығы.
Методология –гректің «method» және «logos» деген 
сөздерінен жасалып, метод туралы ілім деген мағынаны 
білдіреді. Методология – теориялық ойлаудың философиялық 
негізі. Әрбір ғылымның методологиясы үш құрамнан тұрады: 
а) философиялық әдіс; ә) ғылыми әдіс; б) арнайы әдіс. Олар 
тіл білімінің мынадай принциптеріне негізделеді: 1. тілдің 
таңбалылығы; 2. таңбалардың ассиметриялылығы; 3. тілдің 
жүйелі құрылымдығы; 4. тіл бірлігінің және деңгейлерінің 
изоморфтығы; 5. тілдің қоғамдық қызметі (шарттылығы); 6. 
тілдің динамикалық ерекшелігі.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі тілдерді салыстыруды 
салыстырмалы әдіс арқылы жүзеге асырады. Яғни оның зерттеу 
тәсілі – салыстыру (компаративистика) болып табылады. 
Бұл әдіс толық күйінде салыстырмалы-салғастырмалы әдіс 
деп аталады. Егер тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өткені 
(диахрония) мен бүгінгісіне көңіл бөлсе, салғастырмалы әдіс 
бірнеше тілдің қазіргі кезеңіне (синхрония) көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет