–
108
–
Салғастырмалы тіл білімі
қайсысы болмасын бір сөздің мағынасын салғастыра зерттейді.
Егер салғастырмалы типология екі және одан да көп тілдерге
тән белгілерді зерттейтін болса, аудармадағы аудармашының
мақсаты осы тілдердегі белгілерді келесі бір тілге дәлме-
дәл жеткізу болып табылады. Бұл туралы Л.С.Бархударов:
«Теория перевода по самой своей сущности есть иное, как
научно обоснованное сопоставление систем двух языков» - деп
көрсетеді / Л.С.Бархударов/.
Әлем тілдері қандай болмасын классификациядағы
өз орны бойынша сараланады. Классификация тіл білімінің
қазіргі жағдайын көрсете отырып, тілдерді салғастыра
сипаттаудың дұрыс жолын таңдауға көмектеседі және тілдерді
сипаттау терминологияның бірізді болуына септігін тигізеді.
Классификация дүние танымның ерекше тәсілі болып табылады.
Классификацияның түрі көп: табиғи классификация
(нақты белгі негізге алынады), жасанды классификация
(кездейсоқ белгі негізге алынады), дихоматиялық классификация
(екі мүшелі классификация, дихоматиялық классификацияның
негізінде қарама қарсы мағыналы ұғымдар жіктеледі),
тілдердің генеологиялық классификациясы (тілдердің туыстық
жақындығы негізге алынады), тілдердің типологиялық
(морфологиялық) классификациясы, ареалды классификация,
әлеуметтік-функционалды классификация.
Классификациялардың көптігіне қарамастан олардың
бірде біреуі барлық тілдерді қамти алмайды және тілдердің
барлығы бұл классификациялардың талабын орындай алмайды.
Салыстырмалы типология қазіргі тіл білімінің қарқындап
өсіп келе жатқан, болашағы жарқын тармағының бірі. Соңғы
жылдары типологиялық жұмыстардың зерттеу аймағы кеңейіп
келеді. Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру, оларды
әрбір тілдік деңгей бойынша сипаттау - типологияның басты
мақсатының бірі. Осындай жалпы салғастыру
Достарыңызбен бөлісу: