Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


тілдердің  көпөлшемді типологиялық классификациясын



Pdf көрінісі
бет54/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

тілдердің 
көпөлшемді типологиялық классификациясын
(бірнеше 
параметрді қатар қолдануға негізделген) жасаудың негізі болады, 
тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтардың 


– 
109 

Есеналиева Жанар
нақты деректерінің көлемі мен сипатын анықтауға, құрылымы әр 
типті тілдер арасындығы тілдік универсалийлерді пайымдауға 
септігін тигізеді.
Зерттеу барысында жеке тілдік фактілерден жалпы 
тілдік фактілерге қарай ауыса отырып, тілдік универсалийлер 
тілдік құрылымды белгілік (знаковый) коммуникативтік
жүйе ретінде қарастырады. 
Сонымен, салғастырмалы (салыстырмалы) типология 
тілдерге салғастырмалы талдау жасаудың барлық түрлерін 
біріктіреді. Онда салыстырылып отырған тілдің ерекшеліктері 
тек бір тілге (ана тіліне) ғана емес, қатынас құралы ретінде 
тілдердің жалпы құрылымына қатысты анықталады. 
Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулерде жалпы теориялық 
мәселелер де, тілдік дескрипцияның қолданбалы мәселелері де 
қарастырылады. 
Мұндай жұмыстардың теориялық маңыздылығы мынада:
1) салыстырмалы зерттеулерде тілдің ішкі проблемалары 
зерделенеді, яғни әртүрлі құрылымды тілдердің ішкі жүйесіне 
инвентаризация жүргізіледі (мәселен, қазақ, орыс, араб 
тілдеріне);
2) туыс және туыстығы жоқ тілдердің жүйесіне 
типологиялық талдау жасаудың принциптері мен әдістері 
сараланады;
3) лингвистикалық типологияның тарауларын сипаттайтын 
жалпы параметрлер анықталады
4) нақты бір ұлттық тілдің жүйесін салыстыру барысында 
нақты метатілді белгілеуге талпыныс жасалынады;
5) лингвистикалық типологияның теориясы мен 
практикасының ара- қатысы анықталады;
6) бинарлық салыстырудың экстаполяциялық принцип-
тері жасалынады; яғни екі тілді салыстыру негізінде бір 
тілдің жүйесін генетикалық туыс тілдер тобының жүйесімен
салғастыру принциптері нақтыланады. (мысалы, араб тілін 
түркі тілдерімен салғастыру).
Әртүрлі жүйедегі тілдерді салғастыру барысында тілдің 


– 
110 

Салғастырмалы тіл білімі
қолданылмалы мәселелері де назардан тыс қалмайды. Оларға 
қысқаша тоқталсақ:
1) зерттеу процесі бойынша анықталған теориялық 
тұжырымдарға сәйкес салғастырылып отырған тілдердің 
грамматикасы, фонологиясы, лексикасы бойынша оқулықтар 
шығаруға болады;
2) «ана тілі мен шет тілінің типологиясы »атты теориялық 
курсы бойынша оқу бағдарламасының негізін құруға болады;
3) зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша екі тілді 
сөздіктер, лингвистикалық сөздіктер құрастыру мүмкіншілігі 
туады;
4) оқу аудиторияларында шет тілдің грамматикасын 
оқытудың жаңа принциптерін енгізуге болады т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет