Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Тілдік құрылым, тілдік жүйе



Pdf көрінісі
бет50/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

5.2 Тілдік құрылым, тілдік жүйе
Типологиялық талдаудың жеке әдісіне т а к с о н о м - 
и я (категоризация, жіктеме) жатады. Таксономия тілдік 
материалды жіктеудің жалпы ұстанымдары мен ережелерінің 
жиынтығы болса, жіктеме материалдарды топтарға бөлу болып 
табылады. Ал категоризация деп жиналған материалды тиісті 
топтарға іріктеп, бөлу процесін айтады.
Таксономия (грек. taxis құрылыс, тәртіп, орналасу, nomos
заң) - лингвистикалық нысандарды (тілдер мен тілдік бірліктерді) 
топтастыру принциптері мен ережелерінің жиынтығы. 
Таксономия сонымен бірге топтастыру (классификация) 
ұғымын да білдіреді. Оның екі түрі бар: табиғи және жасанды. 
Табиғи таксономия тілдердің табиғи қасиеттеріне негізделеді, 
оған генеалогиялық топтастыру жатады. Жасанды таксономияға 
алдын-ала болжанған логикалық принциптерге сүйенеді. Оған 
типологиялық топтастыру жатады.
Ең алдымен, типологиялық тұрғыда жеке тіл дегеніміз 
не? деген мәселені анықтап алу керек. Жалпы тілді «тарихи 
жағдай» (мысалы, қазақ тілінің тарихы) және «белгілі бір 
тарихи кезеңдегі жағдайы» (мәселен, қазіргі кезеңдегі қазақ 
тілінің нормасы) деп жіктейді. 
Типологияның да негізгі нысаны – тіл. Бірақ ол тіл 
«тарихи нысан» ретінде немесе тілдің синхронды жағдайымен 
ғана байланысты емес. Тіл болғанда ол жеке-жеке тілдердің 
тілдік жүйесі
/ТЖ/ болып табылады.
Тілді - жүйелердің жүйесі түрінде алып қарастыру тіл 
білімінің негізгі тұжырымдарының бірі болып саналады. Тіл 
бір-біріне тәуелді бірнеше кіші жүйелердің байланысынан, 
олардың тығыз қарым-қатынасынан тұратын біртұтас жүйені 
құрайды. Жалпы «жүйе», «құрылым» ұғымдарын айқындау 
тілдің жүйелі сипаты мен құрылымдық қасиетін танып білуге 
көмектеседі.
Тіл белгілі бір құрылымы және қызметі бар, бірбүтін 
жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Тілдің жүйелілік сипатын 


– 
100 

Салғастырмалы тіл білімі
айқындау тілдің ішкі заңдылықтарымен жақынырақ танысуға 
мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген ғалымдар тілдің осы 
қасиетіне ерекше назар аударады. 
Тілдің біртұтас жүйе екендігі алғаш рет ХІХ ғасырда неміс 
тілшісі В.фон Гумбольдтің еңбектерінде сөз етілді. Ғалым: 
«Тілде жеке дара ештеңе жоқ, оның әрбір элементі тек бүтіннің 
бөлшегі түрінде ғана көрініс береді», деп тілдің өзі бірнеше 
бөлшектердің жиынтығынан, олардың өзара байланысынан 
тұратын тұтас құбылыс екенін айтқан /Гумбольд ,1984/.
ХХ ғасырдан бастап лингвистикада тілдің жүйелілігі, 
тілдің құрылымы деген қағидалар тұрақты ғылыми теория 
ретінде орнығып, ғалымдар тарапынан кең қолданысқа ие 
бола бастады. Бұл кезеңдегі зерттеулердің теориялық негізін 
салушы ғалымдар қатарында Ф. де Соссюр мен Бодуэн де 
Куртене болды. Тіл жүйесі теориясын жасауда әсіресе Ф.де 
Соссюр үлкен үлес қосты. Ғалымның ойынша, әрбір тіл бөлек-
бөлек жүйелер. Ол жүйелер өзара тығыз байланыста тұратын 
әр түрлі элементтерден құралады. Жүйе элементтерінің мәні 
оларды бір-біріне ұқсастыру, немесе, қарама-қарсы қоя қарау 
арқылы айқындалады. Тілдік жүйе дегеніміз – таңбалар 
жүйесі, элементтер қатынастарының жүйесі. Ф.де Соссюр тіл 
жүйесінің диахрондық, синхрондық күйде даму сипатын ашты. 
Алайда ол тілдік жүйені тек синхрондық тұрғыда зерттелуі 
керек, оны диахрондық сипатта зерттеу тілдің жүйелік қалпын 
нақты көрсетпейді деп тұжырымдады. Ғалым тілдік жүйені 
таңбалардан тұратын таңбалық жүйе деп қарастырды.
Жүйе, құрылым ұғымдары күрделі обьектінің 
ерекшеліктері екендігін Ф. де Соссюр «система – совокупность 
единиц, в которой каждая единица определяется всеми другими, 
т.е. получает свою характеристику» деп көрсеткен /Соссюр Ф де, 
1933/. Одан ары ғалым: «...тіл – барлық элементтері бір бүтінді 
құрайтын жүйе, ал бір элементтің маңыздылығы тек өзгелермен 
қатар қолданғанда ғана айқындалады», - деп тілдің жүйелілігіне 
баса назар аударды. Ғалымның тілді элементтері бір-бірімен 
тығыз байланыста болатын, өзінің тәртібіне бағынатын жүйе 


– 
101 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет