Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет51/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
ретінде анықтауы қазіргі тіл білімі үшін де өз маңыздылығын 
жойған жоқ. Өйткені тілді жүйелік қасиеті бар құбылыс, барлық 
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өзара бағынышты 
(тәуелді) біртұтас (бір бүтін) құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, 
бүтін мен оны құрастырушы бөлшектердің арақатысын, атап 
айтқанда, бүтіннің оны құрастырушы бөлшектерге (тілдік 
элементтерге) тәуелділігін, керісінше, бөлшектердің бүтінге 
(тілдің бүтіндей жүйесіне) тәуелділігін айқындауға мүмкіндік 
береді. Тілдің жүйесін тілдік жеке құбылыстардың (тілдік 
элементтердің, бірліктердің) өзара байланысы тұрғысынан, 
бүтіннің өз ішіндегі жеке құбылыстарды бағындыруы, билеуі 
тұрғысынан зерттеу айрықша мәнге ие болады. 
Тілдік жүйе - кез келген табиғи тілдің бір-бірімен 
қатынаста, байланыста тұрып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті 
тудыратын тілдік элементтердің жиынтығы. Жүйе құрамындағы 
бөлшектер, тұлғалар жүйе элементтері деп аталады. Тілдік жүйе 
құрамындағы бөлшектердің өзара жымдасып, берік бірлікте
шартты қатынаста болуын талап етеді /Қалиев Ғ, 2005/.
Басқаша айтқанда, жүйе - бөліктері мен элементтері 
жүйелі, үйлесімді құрылған тұтастықты білдіретін ғылыми 
ұғым (фонемалар байланысы, олардың күшті және әлсіз 
позициялары т.б.). Ал құрылым - тұтас бір заттың бөлімдерінің 
өзара орналасуы (фонемалардың әр түрлі парадигматикалық 
және синтакматикалық байланыстарының ерекшелігі т.б.).
Тілдік жүйе деп – бір-бірімен байланысып тұрған, 
тәртіпке түскен, біртектес тілдік элементтер мен олардың өзара 
қатынастарының, байланыстарының жиынтығын айтамыз» /
Қалиев Б, 2004 /.
Б.Қалиев тілдік жүйе болу үшін бес шарт орындалуын
алға тартады: 1) бір заттан ешқандай жүйе тумайды. Жүйе 
болу үшін бірнеше зат болу керек. 2) ол көп заттың біртектес 
болуы шарт. 3) кез келген біртектес кп зат жүйелі бола бермейді. 
Ол үшін олар белгілі бір тәртіпке келтірілген болуы керек. 
(Мәселен, жіктік, септік жалғауларының реті т.б.). 4) тәртіпке 
келтірілген заттардың элементтері өзара байланысты, шартты 


– 
102 

Салғастырмалы тіл білімі
қатынаста болуы қажет. 5) ол элементтер бүтінге тәуелді болуы 
шарт. Міне, осы сияқты «керектер» мен «шарттар» түгел болса 
ғана жүйелілікті іздеуге болады – дейді ғалым. 
Бүтіннің элементтерінің арасындағы қатынастардың 
схемасын да құрылым деп атайды. Ал жүйе, қалай да болсын 
белгілі бір құрылымның болуын аңғартады. Алайда жүйе 
тек құрылымнан ғана тұрмайды. Әрбір жүйе оған бір-
бірімен байланысты үш түрлі атрибуттың – құрылым мен 
субстанцияның және қызметтің (функция) ұштасып келуінен, 
олардың диалектикалық бірлігінен құралып, өмір сүреді және 
дамиды. Жүйелік тұрғыдан қарау – тіл қызметінің өзара 
қатынасын айқындау арқылы талдап түсіндіруге келіп тіреледі. 
Тілдік жүйе, тілдік құрылым (структура) деген терминдер 
өзара тығыз байланысты. Бірақ олар тепе-тең емес, бір-бірінен 
өзгешіліктері бар. Екеуі де тілдік элементтердің қарым-
қатынасы мен байланыстарының жиынтығы. Бұлардың бір-
бірінен айырмашылығы: жүйе – тілдік элементтердің және 
олардың қатынастары мен байланыстарының жиынтығына 
қатысты ұғым, ал құрылым - тек қатынастар мен байланыстарға 
ғана қатысты ұғым. Құрылымсыз жүйе болмайды, жүйе бар 
жердің бәрінде құрылым бар. Құрылым қатынастардың схемасы 
дегенді білдірсе, жүйе ұғымы – құрылым ұғымынан әрі кең, 
әрі күрделі ұғым. Жүйе - рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан 
біртұтас құбылыс. 
Тілдегі құрылым әр тектес элементтердің арақатынасынан 
және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс 
(фонема), ә) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердің 
арасындағы айырмашылықтар – сапалық айырмашылықтар. 
Демек, аталған тілдік элементтер бір-бірінен сапасы жағынан 
ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның қызметі 
айқындап тұрады.
Тілдік жүйе - өте көп қабатты құбылыс. Қазіргі тіл 
деңгейлерінің әрқайсысы жеке жүйе болып табылады. Сонымен 
бірге, олар өз ішінде бірнеше шағын не ұсақ жүйелерге 
бөлінеді. Мысалы, тілдің фонетикалық деңгейі өз ішінде 


– 
103 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет