Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет65/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Ойынның шарты: 
Ойын 3 кезеңнен тұрады.
1. Миға 
шабуыл.
Студенттерге тақырып бойынша теориялық 
анықтамалар беріледі. Олар сол теориялық ереженің дұрыс не 
бұрыс екенін мысалдармен дәлелдеп, анықтап, табулары қажет. 
2. Ыстық доп. 
Бұл кезеңде студенттерге доп лақтырылады.
Допта сұрақ жазылған. Доп ыстық, ұзақ ұстауға болмайды. 
3. 
Өрмекші торы.
Студенттер бірінші және екінші қатардағы 
мәлеметтерді сәйкестендірулері тиіс.
Ойынның аты: «Жасырын ғалым»
Мақсаты: 
Ғалымдар өмірін, ғылыми зерттеулерін 
әңгімелеуге, олардың ғылыми еңбектерін саралауға үйрету. 
Ойынның шарты: 
Екі студент жасырын ғалым болып екі 
ролді сомдайды. Жүргізуші оларға сұрақ қояды.Жасырын ғалым 
ол сұрақтарға жауап береді, өз еңбектері туралы баяндайды, 
бірақ есімдерін айтпайды. Сұхбаттан соң студенттер жасырын 
ғалымды тауып, солар туралы мәлеметтерді толықтырады.
Үлгі:
Мен 1791 жылы Майнц қаласында дүниеге келдім. 
Менің атақты еңбегім «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, 
литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасы». Бұл еңбегім үш томнан тұрады. Мен 1829 жылы 
академик болдым. Берлин университетінде шығыс әдебиеті 
және жалпы тіл білімінің профессоры болдым. 
(Франс Бопп)
Ойынның аты: «Ойлан тап»
Мақсаты: 
Тілдер туыстығы арқылы тіл семьяларын 
яғни, Тілдердің генеалогиялық классификациясын еске түсіріп, 
қайталау, туыс тілдердің даму ерекшеліктерін айқындау. 
Ойынның шарты: 
Студенттер үш топқа бөлініп


– 
131 

Есеналиева Жанар
ұяшықтарды таңдайды. Ұяшықтар ондағы сұрақтарға 
байланысты оңай - 10 балл, орташа – 20 балл, қиын - 30 балл 
болып үш деңгейге бөлінеді. Алайда ұяшықтар арасында 
ешқандай сұрақ жоқ сәтті ұяшық - 30 балл бар. Соңында барлық 
ұпайлар есептеліп, жеңімпаз таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет