–
127
–
Есеналиева Жанар
Ол үшін тіл иелерінің өмір сүру ерекшеліктері мен
тұрмыс жағдайларымен танысу, сол елге тән вербалды емес
мінез-құлықтың этикасын меңгеру, мәдениетімен, әлеуметтік
проблемалары мен бағыттарымен т.б. танысу қажет.
Мәдениетаралық коммуникация кезіндегі қиыншылықтар бір
жағынан тілге, екінші жағынан мәдениет ерекшеліктерінен
туындайды.
Қазіргі заманда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей,
аккультурация процесінің ең тиымды стратегиясына интеграция
жатады. Оның іске асуы мәдениетаралық біліктілікке
байланысты. Ұлттық мінез-құлық дегеніміз не? Ол белгілі бір
ұлттық қоғамға тән социалды-психологиялық белгілері және
халық рухы көрінісінің жиынтығы. Ұлттық мінез-құлық пен
ұлттық менталитет тығыз бір-бірімен байланысты. Ұлттық
менталитет – адамның қоршаған ортаны қабылдаудағы және
оның қоршаған ортаны сезіну, оған әсер ету ерекшелігі. Бұл
өз кезеңінде тарихи тұрғыдан экономикалық, саяси шарттарға
негізделеді, сол арқылы анықталады. Ұлттық мінез-құлық
тарихи құбылысқа жатады. Ол – қоғамдағы қарым-қатынастың
нәтижесі. Ұлт менталитеті ұлт өкілінің ақыл-ойы, ойлау
көрінісі, рухы. Осылардың бәрі бірігіп әлем бейнесін, ұлттың
мәдени құндылықтарын біріктіреді.
Этностың менталитетін және ұлттың ойсаналық
архетипіне барып тірелетін, тілдің концептуалды жүйесінің
аксеологиялық сипаттарын құрайтын тілдік бірліктердің
қай-қайсысы да – когнитивтік лингвистика үшін аса маңызды
проблемалардың бірі. Бұндай тілдік бірліктерді Е.М.Верещагин
мен В.Г.Костамаров [4,36]. өздерінің «Тіл және мәдениет»
атты кітаптарында
Достарыңызбен бөлісу: