–
176
–
Салғастырмалы тіл білімі
Салғастырмалы типология –
тілді зерттеуде екі бағытты
біріктіреді:
салғастырмалы
және типологиялық
және Контрастивтік
лингвистикамен жақындасады (кейде айырмашылықтары
біліндейді). С.т. тілдерді олардың туыстығына, өмір сүру кезеңіне,
аймақтық бөлінуіне қатыссыз зерттейді; ол тілдердің жалпы,
ортақ және спецификалық қатынастарын айқындауға (В.Г. Гак)
және салғастырмалы тілдердегі Тілдің типі негізінде шынайы
өмір сүретін құбылысты көрсетуге ұмтылады. Салғастырмалы
тілдердегі тілдік құралдарды пайдаланудағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды айқындау және типологиялық талдау жасау,
салғастырусыз байқалмайтын екі тілдің де нақты ерекшеліктерін
зерттеу, салғастырылған тілдерде айқындалған белгілердің
жүйелілігін табу С.т. міндеттері болып табылады. С.т. қалыптасуы
Ф. Шлегель, Ф. фон Гумбольдт, Э. Сепир, Ф. Финк, Дж. Гринберг,
Е.Д. Поливанов, Л.В. Щерба, И.И. Мещанинов, В.Д. Аракин, В.Г.
Гак, В.Н. Ярцева, Ю.В. Рождественский және т.б. есімдермен
байланысты.
Семитология –
1) Семит тілдерінде сөйлейтін халықтардың
тілін, тарихын, мәдениетін, зерттейтін филология пәндерінің
комплексі. 2) Семит тілдерін зерттейтін Тіл білімінің саласы.
Арабтану, Гербайтану, арамейтану, інжілтану және т.б. С. құрамына
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: