–
173
–
Есеналиева Жанар
/ бірі. Әртүрлі сөздер мен сөз формаларында кездеседі. Мыс.,
аяқ
сөзі түбір және нольдік морф және жекеше түр мағынасында.
Терминді 1947 ж Ч.Ф. Хоккетт ұсынған.
Морфема –
тілдің негізгі бірліктерінің бірі: 1.тілдің ең
кішкентай мағыналы бірлігі; 2.таңбалаушы мен таңбаланушы
қасиетке ие, екі жақты ең кішкентай таңба; 3. сөздің ең кішкентай
мағыналы бөлшегі; 4. нақты варианттардың /морфтардың,
алломорфтардың / абстрактілі инварианттары. 5. түбір мен
аффикстердің жалпылауыш ұғымы т.б. Морфема терминін 1881
жылы И.А.Бодуэн де Куртене ұсынған.
Морфонология -
әртүрлі типтегі морфонемалардың
фонологиялық құрылымын және морфологиялық айыр-
машылықтарды білдіру үшін фонологиялық салыстыруларды
пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. Морфонологияның
пәні сөздер мен морфемалардың фонологиялық құрылымы мен
фонемалық құрамы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: