Бағдарламасы Химиялық пәндер кафедрасы 24 беттің 2беті Жұмыс оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата17.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#124295
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
РУП 1курс фарм органика каз

9-бөлім. 
Көпнегізді 
қышқылдар. 
Гетерофункциялық 
органикалық 
қосылыстар.Гетероциклді қосылыстар 
Екі негізді карбон қышқылдары. Номенклатурасы. Физикалық және химиялық 
қасиеттерінің ерекшеліктері. Қышқылдығы. Қымыздық, малон, янтарь, глутарь, адипин 
қышқылдары: оларды алудың техникалық тәсілдері және қасиеттері (ангидризация және 
карбоксилсізденуі). Малонэфирі, оның алынуы және қасиеттері. Натрий-малон эфирі, оның 
алынуы, құрылысы, алкилденуі. Малон эфирі негізінде карбон қышқылдарын синтездеу. 
Екінегізді қанықпаған қышқылдар: малеин және фумар қышқылдары, олардың физикалық 
және химиялық қасиеттері. Қышқылдығы. Малеин ангидриді. Алынуы, қолданылуы. 
Ароматтық дикарбон кышқылдары: фталь, изофталь, терефталь. Алынуы, қасиеттері
қолданылуы. 
Алифаттық галогенорынбасқан қышқылдар. Жіктелуі. Номенклатурасы. Алу 
тәсілдері: қаныққан карбон қышқылдары мен олардың туындыларын қанықпаған 
қышқылдарды гидрогалогендеу арқылы. 
Физикалық және химиялық касиеттері. Химиялық қасиеттерінің галоген мен карбоксил 
тобының өзара орналасуына тәуелділігі. Оптикалық белсенді α-галогенорынбасқан 
қышқылдардағы нуклеофилдік орынбасу (қос айналу есебінен конфигурацияның 
сақталуы). Гидроксиқышқылдар. Жіктелуі. Номенклатурасы. 
Алу тәсілдері: галогенорынбасқан қышқылдардың гидролизі, карбоксилді 
қосылыстарды оксинитрилдеу арқылы (α-гидроксиқышқылдар). Физикалық және 
химиялық қасиеттері. α-, β- и γ-гидроксиқышқылдары қасиеттерінің ерекшеліктері. 
Лактидтер. Лактондар. Сүт қышқылы. Шарап кышқылдары. Сүт және шарап 
қышқылдарының стереоизомериясы. 
Ароматтық аминқышқылдар. Антранил, n-аминобензой қышқылдары. Алу тәсілдері, 
құрылысы, касиеттері, колданылуы. Альдегид- және кетонқышқылдар. α-, β-, γ-альдегид- 
және 
кетонқышқылдар.Номенклатурасы. Глиоксал, 
пирожүзім 
және 
ацетсірке 
қышқылдары. Алу тәсілдері мен касиеттері. Қыздыруға қатынасы. Ацетсірке эфирі. 
Дикетоннан және сіркеэтил эфирінен алынуы. Кляйзеннің күрделі эфирлік конденсациясы, 
оның механизмі. Ацетсірке эфирінің кетондық және енолдық формаларының реакциялары. 
Натрийацетосірке эфирі, оның алынуы және құрылысы. Мезомер анион, оның екіжақты 
реакцияласу қабілеті. Натрийацетосірке эфирінің С-және О-алкилдену реакциялары, 
олардың механизмі. С- және О-алкилдену өнімінің қатынасына әсер ететін факторлар. 


Химиялық пәндер кафедрасы 
24 беттің 13беті
Жұмыс оқу бағдарламасы 
Бір гетероатомды бесмүшелі гетероциклдер. Фуран, пиррол, тиофен. Изомериясы. 
1,4-Дикарбонилді қосылыстардан алудыңжалпытәсілдері. К.Ю.Юрьев бойыншаөзара 
айналуы. Құрылысы. Ароматтылығы; қосарлану энергиясы; олардың гетероатомның 
электртерістігімен байланысы. Химиялық қасиеттері. Қосып алу реакциялары. 
Тотықтырғыштар мен қышқылдарға қатынасы (ацидофобтығы). Электрофилдік орынбасу 
реакциялары, реакцияласу қабілеті, бағытталуы. Электрофилдік қосып алудың механизмі. 
Түрі өзгертілген электрофилдік реагенттерді (ацетилнитрат, пиридинсульфотриоксид) 
қолдану. Екі гетероатомды бесмүшелі гетероциклдер. Құрылысы, номенклатурасы. 
Ароматтық туындылары: пиразол, имидазол, тиазол, оксазол. Имидазол мен пиразолдың 
таутомериясы. Қышқыл-негіздік қасиеттері; ассоциаттардың түзілуі. Пиразолон, оның 
таутомериясы. Пиразолон негізінде синтезделген дәрілік заттар: антипирин, амидопирин, 
анальгин, бутадион. Ацетсірке эфирі негізінде антипирин мен амидопирин синтезі. 
Имидазол туындылары: гисти-дин, гистамин, бензимидазол, дибазол. Тиазолидин. 
Пенициллин антибиотиктерінің құрылымы туралы түсінік. Бір гетероатомды алтымүшелі 
гетероциклдер. Азиндер. Құрылысы, номенклатурасы. Ароматтық туындылары: пиридин, 
хинолин, изохинолин. Негізгі қасиеттері. Электрофилдік орынбасу реакциялары 
сульфирлеу, нитрлеу, галогендеу. Никотин және изоникотин қышқылдары. Никотин 
қышқылының амиді (РР витамині), изоникотин қышқылының гидразиді (изониазид), 
фтивазид. 
Пиперидин. Негізгі касиеттері. Промезол морфинді алмастырушы. Скрауп бойынша 
хинолин синтезі. 8-Гидроксихинолин (оксин) және оның медицинадақолданылатын 
туындылары. Флавоноидтар: лютеолин, кверцетин, рутин. Флаван және оның 
гидрокситуындылары (катехин). Токоферол (Е витамні). Екі гетероатомды алтымүшелі 
гетероциклдер 
Құрылысы, номенклатурасы. Диазиндердің ароматтық өкілдері пиримидин, 
пиразин, пиридазин. Пиримидин, оның гидрокси- және аминтуындылары: урацил, тимин, 
нуклеозидтердің цитозин компоненеттері. Нуклеиеан вегізлерінш ллппим-хжктажфашс 
таутомериясы. Барбитур қышқылы: алынуы. Барбнгур кыжисььтымын туынаыиарьс 
барбитал, фенобарбитал. Тиамин (В
1
витамині). 
Конденсирленген гетероциклдер. Пурин: ароматтылығы. Пуриннің гидрокси және 
аминтуындылары: гипоксантин, ксантин, несеп қышқылы, аденин, гуанин. Лактим-
лактамдық таутомериясы. Несеп қышқылының қышқлдық касиеттері, оның тұздары 
(ураттар). 
Аденин мен гуаниннің азотты қышқылмен реакциялары. 
Алкалоидтар. Химиялық жіктелуі. Негіздік қасиеттері. Тұздардың түзілуі. 
Хинолиннің алкалоидты туындылары: хинин. Изохинолин және изохинолинфенантрен 
топтарының алкалоидтары: папаверин, морфин, кодеин. Тропан тобының алкалоидтары: 
атропин, кокаин. Пурин қатарындағы алкалоидтар (ксантин азоты бойынша метилденген: 
кофеин, теофиллин, теобромин). Сапалы реакциялары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет